Жарнама
Әлеумет

Атырау облысында мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек көрсетілуде?

Бүгінде облыста мүгедектігі бар 25 438 азамат тіркелген, оның ішінде 4 457-сі – балалар. Аймақта мұндай жандарды әлеуметтік қорғау бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда.

Жауапты мекеме өкілдерінің хабарлауынша, өңірде мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсету үшін облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді. Аталған мекемелерде барлығы 1 635 адамға қызмет көрсетілді.
№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (Сарайшық жүйке-неврологиялық интернат-үйі) 310 адам болса, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (Жылыой ауданы) 20 адам қызмет алады.
№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған интернат) – 113 бала, №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (қарттар мен мүгедектерге арналған интернат) 108 адам бар.
Сонымен қатар облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы 1 084 адамға қызмет көрсетуде. Күндізгі бөлім арқылы 109 адамға, ал үйден қызмет көрсету аясында 797 азаматқа (оның ішінде 580 қарт және 217 бала) көмек көрсетілді.

Мүгедектігі бар адамдардың оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету мақсатында Әлеуметтік қызметтер порталы белсенді жұмыс істеуде. 2023 жылы 22 349 азамат портал арқылы өтініш беріп, олардың 91,7%-ы қажетті көмектермен қамтамасыз етілді. Бұл – 20 481 адамның қажеттіліктері қанағаттандырылғанын білдіреді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button