Әлеумет
Атырау облысында 1866 жылыойлық отбасы материалдық көмек алды
Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
Қазір Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасыларының өтініштерін тәулік бойы қарап жатыр. Ауданның 3266 тұрғынынан бір жолғы төлем алуға өтініштер түскен.
— Бүгінгі күнге Жылыой ауданының 1866 отбасына 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 688,9 млн. теңге бір жолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтінімдер қабылдау жалғасуда, — деді А.Мәмбетов.