Жарнама
Әлеумет

Атырау облысы әкімдігі МИКС деректері бойынша ЮНИСЕФ және Ұлттық статистика бюросымен кеңес өткізді

     Бүгін, Атырау облысының әкімдігінде Қазақсан Республикасы  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жиын барысында 2024 жылы жүргізілген Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС) нәтижелері ұсынылып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық портфолиосын қалыптастыру мәселелері қаралды.

    — Бүгін біз балалардың өмір сапасын бағалауға арналған бірегей зерттеу – МИКС нәтижелерін талқылау үшін жиналып отырмыз. Бұл деректер бізге нақты шешімдер қабылдау үшін негіз болады. Балалар мен жастардың болашағы – біздің басты басымдығымыз. Сондықтан зерттеу қорытындылары негізінде өңірлік бағдарламаларды жаңарту – алдағы міндетіміз», – деді Атырау облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай.

whatsapp image 2025 08 06 at 13.58.19

Келесі болып сөз алған Қазақстан Республикасы  Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті директорының орынбасары Бақыткүл Өтеулина өңірлік көрсеткіштердің нақты нәтижелерін таныстырды:

    — Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеуін зерттеуін жүргізуде Атырау облысы әкімдігі жоғары деңгейде қолдау көрсетті. Нәтижесінде білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, тамақтану және өмір сүру жағдайлары бойынша өзекті және ауқымды деректер жиналды. Аймақ санау дағдылары бойынша елде 6-орында – балалардың 81%-ы негізгі математикалық білімдерін көрсетті. Оқу дағдылары – 83,1%. Бұл – үй шаруашылығындағы кітаптардың саны шектеулі болғанына қарамастан, үлкен жетістік», – деді Бақыткүл Кеңесқызы.

whatsapp image 2025 08 06 at 13.58.18

Зерттеу нәтижелері бойынша Атырау облысы білім беру мен ерте дамыту бағытында оң серпін көрсетіп отыр. Алайда жиналған деректер балалардың денсаулығына қатысты кейбір мәселелерді де ашық көрсетті. Бұл көрсеткіштер өңірлік саясат пен ресурстарды қайта қарау қажеттігін айғақтайды.

    — Неонаталдық өлім-жітім деңгейі 1000 тірі туғанға шаққанда – 7 жағдай, ал 5 жасқа дейінгі балалар өлімі – 11 жағдайды құрайды. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда 9,58-ден 11-ге дейін өсіп отыр. Бұл – өңірлік және ұлттық деңгейде қосымша шаралар қабылдауды қажет ететін маңызды индикатор, – деді ол.

ЮНИСЕФ өкілі, сонымен қатар, балалардың дұрыс тамақтануымен байланысты күрделі жағдайға да тоқталды.

whatsapp image 2025 08 06 at 13.58.18 1

    — Атырау облысы балалар кедейлігі деңгейі бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірін көрсетіп отыр – 4,3%. Бұл — аймақтың әлеуметтік саясаттағы жетістігін көрсетеді. Алайда, қараусыз қалған балалардың үлесі – 7,2%, ал балаларға қарсы физикалық немесе психологиялық қысым – 35,6% болуы алаңдатарлық. Сондай-ақ, 5 жасқа дейінгі балалардың тамақтану мәселелері де өткір күйде қалып отыр: 13,1% – орташа, 6,2% – ауыр семіздік деңгейі тіркелген. Бұл – ел бойынша орташа көрсеткіштен 2-3 есе жоғары», – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігі қызметкері Айсұлу Бекмұса.

whatsapp image 2025 08 06 at 13.58.19 1

    Кеңес барысында тараптар Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС) деректерін өңірлік деңгейде шешім қабылдаудың тұрақты негізі ретінде пайдалану қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық портфолио негізінде әрбір салада нақты іс-шараларды қамтитын жол картасын әзірлеу ұсынылды.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button