
Әлеумет
Әскерилер қарттармен кездесті
Облыс орталығындағы 5546 әскери бөлімінің офицер, сержант, сарбаздары мен әйелдер кеңесі қарттар үйінде болды.
“Көңіл көңілден су ішеді” дегендей, әлеуметтік жұмыс апталығы аясында өткен тағылымды іс-шарада әскери бөлімнің оркестрі әннен шашу шашып, ақ сақалды аталар мен ақжаулықты әжелердің көңілін көтеріп, айналдыра билетті.
Әскерилер құр қол келмей, дастархан жайып, тәттілерін де ұсынды.
Айдарбек АҚАРЫС