Жарнама
Әлеумет

Әлеуметтік қолдаудың айғағы: Құлсарыда жаңа демалыс аймағы бой көтеруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту – басым бағыттар ретінде айқындалған болатын. Бұл тапсырмалар бүгінгі таңда өңірлерде нақты іске асып, өзінің нақты нәтижесін беріп отыр.

664f75c7 fd05 4582 9d1f 623d18dc6357

Жолдауда айтылғандай, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру – тек әлеуметтік төлемдер мен қолдаумен шектелмейді. Бұл – ең алдымен азаматтарға қолайлы, таза, жасыл және қауіпсіз қала кеңістігін ұсыну арқылы жүзеге асады.

Осы мақсатта Құлсары қаласын абаттандыру бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырыла бастады. Соның бірі – Қ.Сыдиықов көшесінде жаңадан бой көтеріп жатқан аллея құрылысы. Бұл – тек көше көркін келтіру емес, тұрғындарға жайлы демалыс аймағын ұсыну, балалар мен қарттарға қауіпсіз әрі әсем орта қалыптастыру бағытындағы нақты жұмыс.

db74ecca d27a 4087 b391 60a4fed0fb6d

Қазір жобаның алғашқы кезеңі – құрылыс-монтаж және демонтаж жұмыстары басталды. Жауапты мердігер – «Adilkhan West Group» ЖШС. Бұл бастамалар қаламыздың инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, тұрғындар үшін жаңа демалыс кеңістігін қалыптастыруға бағытталған.

Абаттандыру – бұл тек сәндік жұмыстар емес, бұл – тұрғындардың күнделікті өмір сапасына әсер ететін маңызды әлеуметтік жоба. Жасыл желек, көлеңкелі аллеялар, таза көшелер мен демалыс орындары – отбасылардың уақытын жайлы өткізуіне, балалардың қауіпсіз ортада өсуіне мүмкіндік береді. Мұндай жобалар – Президент Жолдауында көрсетілген “халыққа қолайлы урбанизация” қағидасының жергілікті деңгейде орындалып жатқан айқын дәлелі.

Біз Құлсары қаласын көркейту, инфрақұрылымын жаңарту, тұрғындарға жайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береміз. Барлық бастамалар – халықтың игілігі үшін.

Жұмабек ҚАРАЖАНОВ,
Жылыой ауданының әкімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button