Жарнама
Әлеумет

Әлеуметтік маңызды мәселелер — басты назарда

Атырау қалалық мәслихатының кезекті ХVII сессиясы өтті. Күн тәртібінде әлеуметтік маңызды мәселелер қаралды.

Ең алдымен депутаттар талқысына түскен мәселе — «2023 жылғы Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» болды. Бұл жөнінде қалалық қаржы бөлімінің басшысы Серік Демегенов баяндама жасады.

Оның айтуынша, былтыр қала бюджетінің түсімдері 400 млрд. 525 млн. теңгеге жоспарланып, нақтысында 404 млрд. 499 млн. теңгеге немесе 101%-ға орындалған. Соның ішінде республикалық бюджеттен түскен трансферттер мен кредиттерді қоспағанда, кірістер 335 млрд. 416 млн. теңгеге жоспарланып, нақты көрсеткіш 339 млрд. 471 млн. теңгені немесе 101,2%-ды құраған. Бюджеттің шығыс бөлігі 97,4%-ға орындалған. Яғни, жоспарланған 400 млрд. 525 млн. теңгенің 394 млрд. 664 млн. теңгесі игеріліп, 5 млрд. 861 млн. теңгесі игерілместен қалған. Осы мәселеге орай Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ләззат Аққажиеваның хабарламасы халық қалаулыларының назарына ұсынылды.

Келесі кезекте – «Атырау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мекемелерінің мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу» мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімінің басшысы Рафхат Жолдиевтің хабарламасы тыңдалды. Бұдан кейін – «Баспана жағдайларын жақсарту бойынша мұқтаж азаматтарды есепке алу және оларға тұрғын үйдің берілу тәртібін ұйымдастыруға қатысты заңдылықтардың сақталуына» назар аударылды. Бұл жайында қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Эдуард Оспанов баяндады.
Сессияда одан өзге де өзекті, шұғыл шешімін күткен мәселелер қаралып, талқыға салынды, тиісінше шешімдер алынды. Сессияны қалалық мәслихаттың төрағасы Нұрбол Құрман жүргізіп, қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып отырды.
Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button