Жарнама
Әлеумет

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Бүгін, 28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл күннің басты мақсаты – жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,3%-ға, ал қаза тапқандардың саны 2,9%-ға төмендеді.

Еңбекті қорғау саласындағы бұл оң өзгерістер мемлекет тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған шаралардың нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Өз тілшіміз

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button