Жарнама
Әлеумет

250 әйелге жаңа мүмкіндік: Атырауда STEM бағытындағы ерекше жоба қолға алынуда

Әйел – мейірім мен төзімділіктің, күш пен үміттің үйлесімі. Ол – отбасының, қоғамның тірегі, ал білім берілсе – болашақтың шамы. Осындай сеніммен Samruk-Kazyna Trust қоры мен ExxonMobil Kazakhstan компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісім аясында Атырау облысындағы 18–45 жас аралығындағы әйелдерге арналған STEM-тренерлерді оқыту бағдарламасы іске қосылады.

img 4990

“Samruk-Kazyna Trust” қорының бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, бұл жай ғана құжат емес, 250 әйелге жаңа өмірдің есігін ашатын нақты мүмкіндік. Жоба «Samruk-Kazyna» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бағдарлама ғылым, техника, инженерия және математика (STEM) салаларын қамтиды. Оқу барысында қатысушылар тек білім алып қана қоймай, өз ортасында, мектебінде, ауылында білім тарататын сертификатталған STEM-тренер атана алады.

img 4988

Бағдарлама жоғары оқу орнының IV курсындағы педагог мамандығындағы қыздарға, ауылдық жердегі мұғалімдерге мамандығынан алыстап кеткен аналарға, ерекше қажеттілігі бар әйелдер мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған педагог аналарға арналған.

Жобада ең жоғары нәтиже көрсеткен 100 әйел STEM-тренер атанып, өз қауымдастығында балалар мен жасөспірімдерді оқытуға мүмкіндік алады.

– Әйел, ана ретінде, басшы ретінде мен көп ананың «енді кеш» деп ойлайтынын білемін. Осындай сәттерде білім мен қолдау – ең қажет нәрсе. Бұл жобамен біз шын жүректен мақтанамыз. Себебі біз жай ғана оқыту емес, сенім беріп отырмыз. Әйелдің жүрегіне «менің де қолымнан келеді» деген сезімді ұялатқымыз келеді, – деді Альфия Адиева.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button