Жарнама
Әлеумет

2026 жылы Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері өседі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің мөлшері қайта қаралады. Бұл өзгерістер әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы көлеміне тікелей әсер етеді.

Негізгі көрсеткіштер төмендегідей белгіленді:
• АЕК (айлық есептік көрсеткіш) – 4 325 теңге;
• Ең төменгі жалақы (МЗП) – 85 000 теңге (өзгеріссіз қалады);
• Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;
• Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
• Тіршілік минимумының шамасы (әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін) – 50 851 теңге.

Қосымша өзгерістер:
• Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақылар 2026 жылдан бастап 10%-ға ұлғаяды.
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорына жұмыс берушілер тарапынан аударылатын жарна мөлшері 2% деңгейінде сақталады.

2025 жылы АЕК көлемі – 3 932 теңге болған.
Ең төменгі жалақы 85 000 теңге көлемінде бірнеше жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру жалақының жалпы деңгейін арттыратын әмбебап тетік емес. Оның пікірінше, бұл шарамен қатар еңбек өнімділігін арттыру мен экономикалық тиімділікті күшейту қажет.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button