Жарнама
Әлеумет

2025 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы өседі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысы бекітілді, — деп хабарлайды Egemen.kz.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы күнге дейін тағайындалған мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы көлемін 6,5 пайызға ұлғайтылсын», делінген құжатта.

Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің көлемін жыл сайын арттырып отырады.

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button