Облыста 956 млрд теңгеден астам зейнетақы жинағы қалыптастырылды
Атырау облысы бойынша 2024 жылғы 1 маусымға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 956 млрд теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптастырылды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлемі 18% ұлғайды).
Зейнетақы жинақтарының басым сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты және 920 млрд. теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 32,2 млрд. теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары шамамен 131 млн теңге болды. Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуіне салымшылардың зейнетақы жарналары есебінен ғана емес, таза инвестициялық кірістің ұлғаюы да ықпал етті.
2024 жылғы 1 маусымға жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 430166 бірлік, оның ішінде: 384 283 – МЗЖ бойынша, 29 136 –МЗЖ бойынша, 16 747 — ЕЗЖ бойынша.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың(алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат –жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)түседі. 2024 жылдың 5 айында жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарының саны 152 377 бірлік. МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 3,9 млрд.теңгеден асты.
2024 жылдғы 1 маусымға МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар салымшылар саны:
— «жеткіліктілік шегінен» асқан 19 872 адам, сомасы 40млрд теңге;
— сақтандыру ұйымымен шарт жасасқан және зейнетақы жинақтары бар -5 120 адам, сомасы 12 млрд.теңге;
— зейнетақы жинақтары бар алушылар -13 041 адам,сомасы 27 млрд. теңге.
2024 жылдғы 1 маусымға БЖЗҚ-дан төлемдер мен аударымдар түріндегі Атырау облысы бойынша шығыс ағындары:
— жасына байланысты төлемдер — 3,1 млрд. теңге;
— мұрагерлік бойынша төлемдер — 1,2 млрд. теңге;
— Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер — 510 млн. теңге;
— жерлеуге төлемдер — 175 млн теңге;
— мүгедектік бойынша төлемдер — 66 млн теңге;
— сақтандыру ұйымдарына аударымдар -4,5 млрд теңге.
2021 жылдың қаңтарынан бастап Атырау облысыбойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖТ) 13 млрд.теңгені құрады.
БЖЗҚ-ға «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды пайдалануға өтініштер түсуде.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі-Ұлттық қор) инвестициялық кірісінің 50%-ы жыл сайын кәмелетке толғанға дейін барлық жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары-балалар арасында теңдей бөлінеді. Алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар 2024 жылғы ақпанда БЖЗҚ-дағы шоттарға түсті. 18 жасқа толғаннан кейін жастар оны тұрғын үй және/немесе білім беру үшін нысаналы жинақтарды пайдалана алады. Ол үшін нысаналы жинақтарды пайдалану бойынша уәкілетті оператор болған банктерге өтініш беруі керек. Тұрғын үйге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «АҚ болып табылады. Білім беруге арналған нысаналы жинақтарды екі уәкілетті оператор — «Отбасы банкі » тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Қазақстан Халықбанкі» АҚ арқылы пайдалануға болады.
2024 жылғы 1 маусымға Атырау облысы бойынша жалпы сомасы 49 042,32 АҚШ долларын құрайтын 484 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды), оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 25 527,40 АҚШ долларына 252 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін– 23 215,92 АҚШ долларына 232 өтініш орындалды.
БЖЗҚ үшін салымшыларға сапалы қызмет көрсету әрқашан басымдыққа ие.
01.01.2024 ж. мен 31.05.2024 ж. аралығында Атырау облыстық филиалы халыққа 424 343 қызмет көрсетті, оның ішінде 402 860 қызмет электрондық форматта көрсетілді. (электрондық қызметтердің үлесі 95%).
Зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 5 айында филиал 900-ден астам таныстырылым өткізіп, оған 20 мыңнан астам адам қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген ұйым немесе шаруашылық жүргізуші-нысан Қор кеңсесіне барып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
«БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалы