Жарнама
Әдебиет

Студенттер ақын-жазушылармен жүздесті

Әдебиет – ел руханиятының өзегі, ұлттың жүрегі. Жастардың көркемсөзге қызығушылығын оятып, қаламгерлермен тікелей жүздестіру – бүгінгі білім ордаларының басты бағыттарының бірі. Осындай мақсатта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, белгілі ақын-жазушылар мен әдебиет сыншыларымен рухани кездесу өтті.

827c1f48 b7d8 4106 a35d c22b574f9e36

Басқосуды университет ректоры Саламат Идрисов ашып, әдебиет майталмандарымен жүздесудің жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Кеш қонақтарының бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы оқу орнының тарихына тоқталып, университет кітапханасына жазушы Әбдіжамал Нұрпейісовке арналған «Әбенің әлемі» жинағы мен өзінің ғылыми еңбектерін сыйға тартты.

91b6f62f 2535 4edb b335 13746740c089 2

Ал Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ақын Иранбек Оразбаев Абайдың мұрасын қадірлеу керектігін айтып, «Абайды оқы» атты өлеңін тебіреніспен оқып берді.

5ed5f511 9fc0 4b3e 924a be7a1a35d48f

Кеш барысында өзге де қаламгерлер көркем сөзбен сусындатып, күй мен ән әуелеген тағылымды басқосу жас ұрпақтың рухани әлеміне тың серпін берді.

7f06661c c8d6 4527 bd27 50eb8f4cbde4 1

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button