Жарнама
Әдебиет

Қарымы құлаш қаламгер

Биыл қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқановтың туғанына – 125 жыл. Оның шығармашылығын кеңінен насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Қарымы құлаш қаламгер» атты мәдени-рухани, танымдық-ағартушылық бағытта іс-шара ұйымдастырылды.

Модератор университеттің басқарма аппараты жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлфайруз Қайырғалиева жиынға арнайы келген зиялы қауым өкілдерімен таныстырып, әдеби кештің мән-маңызына айрықша тоқталды.

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жасқыран Жалмұханов бүгінде әлеуметтік желіге тәуелді болған заманда кітап оқуға құштарлықты арттырудың маңыздылығын атап айтты.

– «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы  отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, жұртшылықты оқуға ынталандыруға, отандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. Жобаның бастау алғанына екі жылға жуық уақыт болды. Биылғы іс-шара жоспарына сәйкес қазақтың көрнекті жазушылары Ілияс Есенберлиннің туғанына – 110, Қадыр Мырза Әлиевтің туғанына 90 жыл толуына орай тағылымды шараларды өткіздік. Бүгін дара тұлға Сәбит Мұқановтың мол мұрасымен сусындамақпыз. Адамдар әлеуметтік желіге тәуелді болған заманда оқырманның көңіл көкжиегін кеңейтер аталмыш шаралар легі жалғаса бермек, — деді Ж.Жалмұханов.

Батыс өңірінің шығармаларын зерттеу ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп «Кемеңгер жазушы С.Мұқанов және оның мұралары» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды. Сондай-ақ  университеттің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., Гүлзира Аяпова, ғылыми кітапхана директоры, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жомарт Мұхамбетов, Көптілді білім беру факультеті деканы, ф.ғ.к., профессор Меруерт Аманғазиева жазушының артына қалдырған теңдессіз шығармалары мен келелі ой-тұжырымдарына шолу жасады.

«AMANAT» партиясының жобалары туралы партияның «Бірлік» бастауыш ұйымының хатшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Баянсұлу Тыныбаева баяндады. Білім ордасының Көптілді білім беру факультетінің студенттері С.Мұқановтың поэмаларының көркемдігі, прозасы, драматургия саласына қосқан үлесі, Шоқантанудағы орны жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button