Жарнама
Әдебиет

Поэзия падишасының 85 жылдығына арналған іс-шаралар басталды

Атырауда алмас қылыштай өткір, оттай ыстық, батыл, ғажайып поэзиясы қазақ халқының жүрегін жаулап алған Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған іс-шаралар легі басталды. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханаға жиылған жұршылық Фариза «ПАТША СӨЗДІҢ ФАРИЗАСЫ» тақырыбындағы аймақтық эссе байқауының жеңімпаздарын анықтады.

Ұйымдастырушылардан білгеніміздей, жалпы байқауға қатысуға 100-ден астам адам ниет білдіріпті. Ал, шараға Ақтау, Ақтөбе, БҚО және Атырау облысынан 15-21 жас аралығындағы жастар қатысып, бақтарын сынады. Аталған кітапхана басшысы Сара Ізмұханбетованың айтуынша, эссе байқауды ұйымдастырудағы мақсат – поэзия падишасының халықтың жүрегінен орын алған өлеңдерін жастар арасында насихаттап, халық арасынан талапты, талантты жастарды қолдау, бос уақытты тиімді өткізуге, жастардың ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

–Эссе дегеніміз – прозалық әдеби жанр. Эссе автордың дара әсерін, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын көрсетеді. Ол белгілі бір сұраққа толық жауап бермейді, тек сол мәсеге қатысты өз ойын білдіреді. Эссе алдымен антиплагиат арқылы тексерілді. Кейін эссе талабына сай келетін жұмыстар іріктелді. Нәтижесінде өз ойын сөз маржанымен тізбектеп жеке ұстанымын, идеяның өзіндік ерекшелігін және тақырыпты стандартты емес ракурстан қараған эсселер жүлдеге ие болды, — деп атап өтті Сара Салахатдинқызы.

Сонымен, бабы мен бағы келісіп, өзгелерден оза шапқан индерлік Иса Нұрасыл бас жүлдені олжалады. Ал, байрақты бірінші орынды Ақтөбе қаласындағы Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының ХІ сынып оқушысы Зарина Сағдатова мен Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ ХІ сынып оқушысы Аруна Хамит қанжығасына байлады. Үшінші жүлде Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының
Х сынып оқушысы Гүлнәз Нияр мен Ақтөбе қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының ХІ сынып оқушысы Бейбарыс Зейнешке бұйырды. Доданың үшінші байрағын
Ақтөбедегі №33 жалпы қазақ орта білім беру мектебінің ІХ сынып оқушысы Айсұлу Қармысова мен
Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ-дің І курс студенті, индерлік Альфия Бимұқан бөлісті.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button