Жарнама
Әдебиет

Нәсіпбек Айтұлының 75 жылдығы аталып өтті

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, журналист, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нәсіпбек Айтұлының туғанына 75 жыл толып отыр. Осыған орай Атыраудағы С.Мұқашев атындағы жоғары политехникалық колледжде «AMANAT» партиясының «Кітап-AMANAT» жобасы аясында жастармен және оқырмандармен кездесу ұйымдастырылды.

a48db060 4ba2 44ea acab c83910662c20

«Ақын мұрасы – ұрпаққа үлгі» атты рухани кеште жас буынға Нәсіпбек Айтұлының шығармашылық жолы мен әдебиеттегі орны кеңінен таныстырылды. Басқосуда ақынның өмірі мен еңбектеріне арналған баяндамалар оқылып, шығармашылығының жас ұрпаққа берер тағылымы жан-жақты талқыланды.
Жастар ақынның өлеңдері мен публицистикалық еңбектерін талқылай отырып, ұлттық әдебиетке қосқан үлесі туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу жылы атмосферада өтіп, студенттердің әдебиетке деген қызығушылығы арта түсті.
Шара соңында белсенді қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар табыс етілді. Бұл олардың шығармашылыққа деген ынтасын арттырып, болашақта жаңа жетістіктерге жетелеуге ықпал етпек.

Еркеназ ҚАЛИЖАН




Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button