Жарнама
Әдебиет

“Лютый” оқырманға жол тартты

Бүгін Атырау қаласында жас жазушы Абай Сағиевтің алғашқы тырнақалды туындысының тұсауы кесілді. “Лютый” атауын арқалаған кітаптағы бірінші хикаят “Чистая совесть” , ал екіншісі “Лютый” деп аталады.

Екі шығармада да әділдік, ар, ұят тақырыптары қозғалады. Балаң жүрек қоғамды аздыратын аталған мәселелерді қаламына арқау қылып, туындысында онымен күресті көркем оқиғалармен кестелейді.


Тұсаукесерге жиылған өңірдегі шығармашылық өкілдері Абай Сағиевтің атасы, жергілікті қаламгер Қабижан Сағиев туралы естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылық жолының жалғасқанына қуанып, жас жазушыға ақ баталарын берді.
Айта кетелік, “Лютый” Алматыдағы “Мереке” баспасынан басылып шықты.


Ақарыс АЙДАРБЕК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button