
Атыраулық қаламгерлерге “Қазақстанның Құрметті жазушысы” атағы берілді
Атырау облысының әдебиет пен өнер кеңістігі тағы бір мәрте мәртебелі жаңалықпен толықты. Қазақ руханиятына сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар танымал атыраулық қаламгерге “Қазақстанның Құрметті жазушысы” атағы табысталды.

Бұл атақ — қалам қуатын ел мен жер игілігіне арнап, ұлттық әдебиеттің дамуына серпін берген тұлғаларға берілетін ерекше құрмет. Мәртебелі марапатқа композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Ілия Жақанов, Қазақстан Жазушылар одағының белді мүшелері Қадір Жүсіп пен Төлеген Жаңабаев, сондай-ақ айтыскер ақын Жәниба Қарасаева ие болды.

Салтанатты жиын барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Мұрат Өтешов және ақын Нұрлыбек Бақтығалиұлы, жазушы Айбек Сағиев Қазақстан Жазушылар одағына қабылданды.
Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ