Жарнама

Год: 2025

  • Білім26c14a17 7b6a 49aa bb68 1f39375419b3

    Бір шаңырақта – үш «Алтын белгі»

    «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп дана Абай айтқандай, адамның өмір жолында білімнің алар орны айрықша. Білім – тек болашаққа бастар баспалдақ қана емес, әрбір жанның абыройы мен асыл қаруы. Осыны тереңтүсінген атыраулық Сүлейменовтер әулеті – ұрпақ тәрбиесіндеөнегелі жол көрсетіп отырған отбасылардың бірі. Әулеттің үшбірдей перзенті мектепті үздік нәтижемен тәмамдап, «Алтынбелгі» иегері атаныпты. Оның үстіне үшеуі де мемлекеттік білім грантына қол жеткізген. Әкеден – ақыл, анадан – мейірім Отбасы – қасиетті қара шаңырақ, тәрбие – сол шаңырақтыңалтын діңгегі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендана халқымыздың сөзі бүгінгі күннің де айнымас шындығы. Адам баласының кісілік келбеті мен азаматтық болмысы, өмірге деген көзқарасы алдымен ата-ананың тәлімінен бастауалады. Әкеден – ақыл, анадан – мейірім дарыған жердеұрпақтың ұлылығына еш күмән жоқ. Расында да бір әулеттенүш бірдей «Алтын белгі» иегерінің түлеп ұшуы – жай ғанақуаныш емес, нағыз елді сүйсіндірерлік, өзгеге өнегеболарлық оқиға. Шырайы асқан шаңырақтың иесі Тілекқабыл Сүлейменов – физика мен математиканың қыр-сырын меңгерген, бүгіндекәсіпкерлікті қолға алып, адал еңбекпен отбасының нәсібінарттырып отырған азамат. Ал оның жары Эльмира – Құрманғазы ауданының Нұржау ауылынан түлеп ұшып, Атырау төрінен өз орнын тапқан, бала тәрбиесін өмірлікмұратына айналдырған ардақты ана. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ» демекші, осы қос тірек бір-бірін толықтырып, перзенттеріне өнегелі өмірдің сара жолын салып келеді. Бұл үйде білім – бірінші орында. Бірақ олар ұл-қызыныңсанасына білімді қыспақтаумен емес, ынталандыру арқылы, қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен сіңірді. «Жастай бергентәрбие – жас шыбықты игендей» демекші, ерлі-зайыптыСүлейменовтер балаларына қатаң талап қоймай-ақ, жүреккежол таба білген. Әкесі – демеу, анасы – арқау. Балалардың әрқадамына қуанып, әр жеңісін бірге тойлап, әр сәтсіздігіндедем беріп отырды. Эльмира ананың: «Басты мақсатымыз – перзенттеріміздің адал, еңбекқор, жауапкершілігі мол адамболып өсуі еді. Білім – сол қасиеттердің алтын арқауы» дегенсөзі олардың өмірлік ұстанымын айқындайды. Қарапайымғана әкенің баласын жарыстарға жеткізіп салуы, анасының«оқыңдар, ізденіңдер, дамыңдар» деген бір ауыз сөзі ұрпақтыңболашағына салынған ең асыл инвестиция болды. Білім биігі – маңдай тердің жемісі Отбасының тұңғышы Әсем Елемесова – Атырау қалалықлицейінің түлегі. Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзгеденоза шауып, тек білімде ғана емес, қоғамдық өмірде декөшбасшы бола білді. Мектеп президенті болып сайланып, жасындай жарқыраған ұйымдастырушылық қабілетінтанытты. Ғылымға деген құштарлығы халықаралық ғылымижобалар байқауында ІІІ орынға жеткізді. Ал математикадан республикалық олимпиадаға қатысып,…

    Read More »
  • Спорт601ad3fd a242 49a9 b698 74a0d2f25128

    Сексен жастағы спортшы марафонға қатысады

    Жеңіс Оразұлы Айтбаев биыл 80 жасқа толып отыр. Бұл мерейтой – тек бір адамның ғана емес, тұтас Атырау спорты мен…

    Read More »
  • Қоғамda828705 c9e8 4f9d 96d0 645552aad8ed

    Азаматтық сектордың цифрлық болашағы талқылануда

    Атырауда облыстық ХІІ Азаматтық форумы басталды. Биылғы форумның басты тақырыбы – «Азаматтық сектордыцифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер».    Шараны ашқан ішкі саясат басқармасы басшысы Гүлнұр Сүйеуова айтып өткеніндей, екі күн бойы өтетін шара – азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік мекемеқызметкерлері,…

    Read More »
  • Саясат68d089c0 6510 41a9 80d5 637b06dc7d5d

    Қазақстан мен Қытай бірлескен жобаларды бастайды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары – Қазақстанның сыртқы саясатындағы теңгерімді бағыттың, көпвекторлы дипломатияның және ұлттық…

    Read More »
  • Экологияbaf0f127 7a84 4318 bca1 9d8dccbe746c

    “Таза бейсенбі”: Индер жастары табиғатқа жанашырлық танытты

    «AMANAT» партиясының Индер аудандық филиалының бастамасымен Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде экологиялық тәрбие мен тазалықты насихаттауға бағытталған «Таза бейсенбі»…

    Read More »
  • Жаңалықтар8090f109 b0ac 48ef 9e6f 10d5678ef76f

    Қазақстан металлургиясы жаңа дәуірге қадам басты

    Қазақстан мен Қытай арасындағы кешегі келісімдер еліміздің индустриялық дамуы мен жоғары технологиялар трансфері саласында маңызды роль атқарады. «Qarmet» компаниясының әлемдік…

    Read More »
Back to top button