Жарнама

День: 07.05.2025

  • Ұлы Жеңіске - 80 жыл47348f34 d029 4d36 9ed9 1b7079f9ae24

    Берлинге жаяу жеткен батыр

    Отан үшін от кешкендер ұмытылмайды. Сол бір сұрапыл соғыстың ортасында ерлігімен ел жадында қалған майдангердің бірі – Түсіпқали Сәрсемәлиев. 1942 жылдың қаңтар айы. Еліміз Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңін бастан өткеріп жатқан уақыт. Алдыңғы шепте күн-түн демей кескілескен ұрыстар жүріп жатты. Атырау облысы, сол кездегі Бақсай ауданының азаматтары да сол сын сағатта Отан қорғауға аттанды. Олардың қатарында Қызылқоға өңіріндегі Қарабауауылында дүниеге келген, кейін Жайық бойына қонысаударған еңбек адамы – Түсіпқали Сәрсемәлиев те болды. Ол кезде Түсіпқалидың жасы әскерге шақыртужасынан асып кеткен еді. Үш баланың әкесі, отбасының тірегі болатын. Бірақ ел алдындағыборышты бәрінен биік қойған ол майданға өз еркіменсұранып аттанды. Бұл — оның жүрегінде тасқа қашалғандай орныққан отансүйгіштік пен азаматтықборышқа деген адалдықтың айғағы еді. Сарбаз ретіндегі алғашқы әскери дайындығы Ресейдің Тула қаласының маңында өтті. Бұл өңірде қатты аяз, сұсты ауа райы мен темірдей тәртіп оны нағызжауынгерлік өмірге үйретті. Осы жерден бастапТүсіпқали Сәрсемәлиев майдан шебіне аттанып, Орал мен Курск бағытындағы ауыр шайқастарға қатысты. Әр шайқас — бір белес. Әр жеңіс — қанмен жазылғантағдыр. Оның ерлік жолы 1943-1944 жылдары Белоруссия майданында жалғасты.   Минск қаласын жаудан азат ету операцияларынақатысқан Түсіпқали атаның ерлігі ел жадында. Осыданкейін Шығыс Пруссия бағытына жіберіліп, немісбасқыншыларының негізгі бекіністерінің бірі — Кёнигсберг қаласына дейін жетті. Фашизмнің ордасыБерлинге дейінгі ауыр әрі ұзақ жорық жолын да жүріпөтті. Ол бұл қалаларға темір сауытта емес, нағызержүрек жауынгер ретінде жаяу жетті. Соғыстың соңғыаккорды саналатын Берлин үшін болған шайқасқақатысып, жеңістің жаршысы болғандардың бірі атанды.…

    Read More »
  • Құқық588bf7e7 eb52 4e38 9459 ff8b3e511acc

    Ел қорғау — қасиетті парыз

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде атап өткендей, мемлекет өз жерін кез келген қол сұғушылықтан қорғауға қабілетті болғанда ғана тәуелсіз…

    Read More »
Back to top button