Редакция құрамы

Балмагамбетов Исатай

Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы Исатай Құндызбайұлы Балмағамбетов

Исатай Құндызбайұлы 1961 жылдың 20 ақпанында Жылыой ауданы, Қаратон поселкесінде туған. 1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде бастаған. 1990 жылы арнайы шақырумен республикалық «Лениншіл жас» газетінің батыс облыстар бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалды.
Ол әр жылдары Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Атырау облыстық телерадиокомпаниясының жауапты редакторы, республикалық «Қазақстан-Zaman», «Заң» газеттерінің меншікті тілшісі,  «Ақ Жайық» газеті бас редакторының орынбасары – қазақша  басылымының жауапты редакторы, республикалық «Алтын Орда» газеті  бас редакторының бірінші орынбасары болып істеді. 2007 жылдың сәуірінен 2010 жылдың желтоқсанына дейін республикалық «Алтын  Орда» газетінің директоры – Бас редакторы қызметін атқарды.
Қазір Атырау облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы. Ол – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.


DSC_0507 

Облыстық «Атырау» газетінің бас редакторының орынбасары Әмірова Гүлжан Тасболатқызы

2001-2006 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің журналистика бөлімін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Алтын Орда» газетінде тілші болып бастаған. Жауапты хатшы, бөлім редакторы, шеф редактор қызметтерін атқарған.

2012 жылдан облыстық «Атырау» газетінде қызметте. Бөлім редакторы, жауапты хатшы, әдеби редактор лауазымдарында еңбек еткен. Қазіргі таңда облыстық басылымның бас редакторының орынбасары.


 Д.Мұхамбеталиев жауапты хатшы

Жауапты хатшы Дәурен Қуанышұлы Мұхамбеталиев

1987 жылы 6 маусымда Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Мақат ауданындағы «Мұнайшы» газетінде көркемдеуші-дизайнер қызметінен бастаған. 2007 жылдан бастап Облыстық «Атырау» газетінде дизайнерлер цехының басшысы, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың наурыз айынан «Атырау» газетінің жауапты хатшысы. Отбасылы. Жолдасы мемлекеттік қызметте. Бір ұлы, бір қызы бар. Үлгілі қызметі үшін 2017 жылдың үздік жауапты хатшысы және облыстық, қалалық әкімдіктің, салалық басшылықтың көптеген марапаттарына ие болған.


IMG_8781-10-04-18-10-07

Құқық қорғау және экология бөлімі меңгерушісі Сабырова Айбөпе Мұратқызы 

1987 жылдың 19 маусымында Атырау қаласында дүниеге келген. 1993-2004 жылдары қаладағы Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясында білім алған. 2004-2008 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша «үздік дипломмен» аяқтаған. Әр жылдары облыстық телеарна, «Мұнайлы астана» газетінде – тілші, Жастар Қауымдастығы, «Атырау инновейшнз» ЖШС-нде – баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған. 2007 жылдың қараша айынан бастап табан аудармастан облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінде тілші болып еңбек етіп келеді. Бүгінде аталмыш басылымның құқық қорғау және экология бөлімінің меңгерушісі. «Даму» қоры ұйымдастырған республикалық байқаудың «Үздік мақала» номинациясын, түрлі марапаттарды иеленген.

Гулзада Ниеткалиева

Мәдениет, білім, денсаулық және спорт бөлімі меңгерушісі Гүлзада Рахметқызы Ниетқалиева

Гүлзада Рахметқызы НИЕТҚАЛИЕВА-   Атырау(Гурьев) облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келді. Әкесі-Рахмет Ниетқалиев тарих пәнінің мұғалімі, ал анасы-Мағмура Камалова математика пәні мұғалімі.

1972 жылы М. И. Калинин, қазір Сәбит Мұқанов атындағы орта мектепке барды. Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті 1982 жылы бітірген.  Гурьев педагогика институты тарих факультетінің түлегі. Филология ғылымдарының кандидаты.

«Ақбота күнді аңсаумен»,  «Айдың сүттей сәулесі», «Қарлығашы Қиғаштың», «Ардақтым» жыр-жинақтарының, Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановтың шығармашылығы туралы «Тұма жырдың тұнығы» және жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы жайында жазылған «Дара» монографиялық кітаптарының авторы.  2017 жылы «Аллажар», «Жүректегі жанартау», «Хазар қасидалары» жыр жинақтары баспадан шықты. «Жүректегі иман гүлі» атты жаратқанға мінәжат дастаны Ұлыбританиядан жарық көрген.

2003 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланған Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы аясында Атырау облыстық телерадио компаниясында тележурналист болып қызмет ете жүріп, «Махамбет-200» телехабарлар сериясын жүргізді және «Қарой қасіреті» дастанын жазды. Осы еңбегі үшін 2003 жылы сол кездегі облыс әкімі Аслан Мусиннің ұсынысымен төрт жылда бір рет берілетін  Махамбет атындағы сыйлыққа ұсынылды.

1987-2000 жылдар аралығында Атырау облысы, Құрманғазы аудандық оқу бөліміне қарасты аудан мектептерінде ұстаздық қызмет жасады. 2000-2005 — жылдар аралығында атырау облыстық телевидениесінде, 2005-2007 жылдары «Ақ Жайық» апталық газетінде аға редактор, Облыстық «Қайсар» газетінде Бас редактор қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Атырау облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде мәдениет, білім, денсаулық және спорт бөлімі меңгерушісі болып қызмет етеді.


Screenshot_1

Қоғамдық-саяси бөлімі меңгерушісі Жұмат Бақытжан Хамитұлы

1957 жылы 19 қаңтарда Гурьев облысы Индер ауданының Кулагино селосында дүниеге келген.

1975 – 1978 жылдары Әскери-Теңіз Флоты қатарында азаматтық борышын өтеді.

1978-1988 жылдары Индер аудандық «Дендер» газетінде тілші, өнеркәсіп, еңбекші хаттары бөлімдерінің меңгерушісі, редакцияның жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

1984 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1990-2000 жылдары Атырау облыстық телерадио компаниясында телевидение жөніндегі редактор, аға редакторы болып жұмыс жасады.

2000 жылы облыста тұңғыш шыға бастаған «Крим-Инфо» газеті бас редакторының орынбасары, 2001-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК кадр бөлімінің бастығы, 2011 жылы республикалық тәуелсіз «Алтын орда» газетінде экономика, саясат және экология бөлімінің редакторы, 2012 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы   қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қаңтарынан облыстық «Атырау» газетінде  шолушы, қоғамдық-саяси бөлім меңгерушісі.

1984 жылдан КСРО, кейін Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Мақала, очерктері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. «Адамдар.Жылдар. Тағдырлар» атты естеліктер мен жолжазбалар жинағы жарық көрді.

Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегері.


мен гой

Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімі меңгерушісі Азамат Сансызбайұлы Базарбаев
Индер ауданында 1973 жылы 13 тамызда дүниеге келді.

Еңбек жолын Индер аудандық «Дендер» газетінде корректор болып бастады. Одан соң шекара әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқып, жоғары білім алды. Облыстық «Атырау» газетінде 1998 жылдан бастап қызмет жасап келеді.

2006 жылы республикалық «Алтын Орда» апталығына қызмет ауыстырып, бас редактордың орынбасары болды. Бүгінде облыстық басылымда экономика және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімнің меңгерушісі.

Республикалық С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Облыстық прокуратура, сот, ішкі істер департаменті басшылығының арнайы сыйлығын иеленді. «Теңізшевройл» ЖШС-і ұйымдастырған журналистер арасындағы конкурста бірнеше рет жүлделі орыннан көрінді.

Отбасылы.

ЕАС 095

Шолушы Аруев Дәулетқали Латифұлы

Дәулетқали Латифұлы Аруев. 1963 жылдың 25 маусымында Махамбет селосында дүниеге келді. 1980 жылы Махамбет орта мектебін (қазірде Е.Ағелеуов атындағы), 1983 жылы Атырау теміржол-көлік техникумын, 1992 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1986 жылдан баспасөз саласында. Еңбек жолын Махамбет аудандық «Жайық  шұғыласы» газеті редакциясында бастаған. 1986-1993 жылдары осында корректор, әдеби қызметкер, радио хабарларын ұйымдастырушы, бөлім меңгерушісі, 1993-1996 жылдары Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінде бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы, «Балықшы» телеарнасының редакторы   қызметтерін қоса атқарды. 1996-2007 жылдары облыстық «Атырау» газетінде бөлім редакторы, 2007-2012 жылдары Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы. 2012-2016 жылдары облыстық «Атырау» газетінде жоғары санатты тілші, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі. 2016 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде бас редактор. Қазіргі уақытта облыстық «Атырау» газеті редакциясында шолушы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Профессор Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері. Атырау облысы, Атырау қаласы және Исатай ауданы әкімдерінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, республикалық салалық кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Малике

Шолушы Мәлике Қуанышева

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылында 1987 жылы  1 ақпанда дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті гуманитарлық факультеті журналистика бөлімінде білім алып, оқу орнын 2008 жылы үздік дипломмен бітірген. Алғашқы еңбек жолын «Атырау тудэй» газетінен бастаса, 2011 жылдан бері облыстық «Атырау» газеті қабырғасында жүріп тілші, аға тілші болды. Бүгінде  шолушы қызметін атқаруда.


Алтыншаш Курмашева

Тілші Алтыншаш Құрмашева Нәсіпқалиқызы

1989 жылы 2 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келді. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеті журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірді.

Еңбек жолы 2011 жылы тамыз айында облыстық «Атырау» газетінде тілшіліктен басталды. Кейін басылымның құқық қорғау және экология бөлімінде аға тілші, корректура бөлімінде корректор қызметтерін де атқарды. Бүгінде аталмыш газеттің мәдениет, білім, денсаулық, спорт бөлімінің аға тілшісі.

ЕАС 143

Тілші Лиза Шайхашқызы Сейтімова

1963 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Сол кездегі педагогика институтына оқуға түскен. Оны 1985 жылы аяқтаған. Еңбек жолы сол жылы Маңғыстау облысынан басталып, кейін Гурьев қаласында жалғасқан. 1990 жылдан бастап облыстық «Атырау» газетіне тілшілік қызметке келген. Журналистер арасында өткен республикалық «Жүректен жүрекке» ұлттық байқаудың 2000 жылғы жеңімпазы, республикалық «Премьер-сақтандыру» конкурсының 2005 жылғы жүлдегері. 2004 жылдың қорытындысымен «Үздік журналист» атанып, 2006 жылы Тауман Амандосов атындағы ең жоғары сыйлықты иеленді. Қазір газет тілшісі.

Мұратбек

Тілші Жаңабай Мұратбек Төлегенұлы

1975 жылы 3 тамызда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келді. 1982-1992 жылдар аралығында  Атырау қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №19 қазақ орта мектепте  білім алды. 1992 жылы қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1997 жылы бітірді. 1997 жылы Атырау қаласындағы №3  орта  мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 1997-2007 жылы аралығында «Қазақстан темір жолы»  ҰК»АҚ –ның   «Атырау тасымалдау бөлімшесі» филиалында аудармашы, 2009 жылы Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру  және спорт басқармасының бас маманы, 2011 – 2014 жылы  Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясында  ғылыми қызметкер, бөлім меңгеруші,  2018 жылғы ақпан айынан  облыстық «Атырау» газетінің тілшісі.

амандык (3)

Тілші Амандық Сағынтайұлы Абдолов

Атырау қаласында дүниеге келді. 1997 жылы қаладағы А.С.Пушкин атындағы №20 орта мектептің табалдырығын аттап, Жамбыл атындағы №21 мектепті 2008 жылы тәмамдаған. Ал 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлкеттік университетіне түсіп, оны қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2012 жылы бітіріп шығады. Сол жылы қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Оқу аяқталысымен облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетіне тілші болып қызметке орналасты. 2014 жылы «Бақыт биігіндегі бір күн» атты авторлық шығармалар жинағын шығарса, 2015 жылы «Атырау қаласының ең үздік журналисі» атанды. Қазір аталған газеттің экономика және әлеуметтік мәселелер бөлімінде тілші.


Фототілші Ерлан Сәкенбайұлы Алтыбаев
1972 жылы 13 желтоқсанда Махамбет ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген. 1990 жылы Орал педагогикалық институтында Бейнелеу өнері факультетінде білім алған. 2000 жылдан бері облыстық «Атырау» газетініңбеттеуші-дизайнері, кейін фототілшісі қызметтерін атқарып келеді. Отбасылы.


ЕАС 050

Бет құрушы Жанат Арапова Казезовна

1972 жылы жылы 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. Өскемен қаласында мәдени-ағарту колледжін бітіріп, кейін АтМГИ-да білімін жалғастырып «экономист» мамандығын алған. 2003-2012 жылдарда Республикалық «Алтын Орда» газетінде  дизайнер-бет құрушы, жауапты хатшы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «Атырау»  газетінде дизайнер-бет құрушы қызметін атқарып келеді. Отбасылы.


ЕАС 068

Бет құрушы Айнагүл Николайқызы Жолдыбаева

1974 жылы 26 каңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. Қаладағы №15 Абай атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап «Атырау» газетінде корректор, теруші қызметтерін атқарды. 2002 жылдан бері І-категориялы бет құрушы дизайнер болып жасайды.

Үлгілі қызметі үшін министрліктің Құрмет грамотасымен, облыстық, қалалық әкімдіктің, салалық басшылықтың көптеген марапаттарына ие болған.

Жанұялы, екі ұлы бар.

Сая

Бет құрушы Сая Сағынғалиқызы Рамазанова

1980 жылы 1 қаңтарда Құрманғазы ауданы, Нұржау селосында дүниеге келген. 1997-1999 жылдары Атырау агротехникалық колледжінде оқып, «Бухгалтер-экономист» мамандығын алған. 1999-2001 жылдары Атырау облыстық мектеп-интернатында бухгалтерлік қызмет атқарған. 2003-2007 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қаржы және несие» факультетін оқып бітірген. 2002-2006 жылдары «Туран-газеті» ЖШС-де дизайнер-бет құрушы, 2006 жылдан «Атырау» газетінде дизайнер-бет құрушы қызметін атқарып келеді. Отбасылы.

 


ЕАС 135

Хатшы-референт Елеусінова Клара Сейітжанқызы
1968 жылы 6 желтоқсанда Гурьев қаласында дүниеге келген. Н.Крупская атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1987 жылы 12 ақпанда облыстық «Коммунистік еңбек» газетіне машинистка болып жұмысқа орналасып, 1997-2011 жж. «Атырау» газетінің компьютер цехында, 2011 жылдан бері редакцияда хатшы-референт болып еңбек етеді.


A03iLzBNwhc

Теруші Амангелдиева Салтанат Ермырзақызы

1995 жылы 1 маусым айында Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосында дүниеге келді. 2013 жылы Мұқыр орта мектебін, 2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік-мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қазіргі таңда «Атырау» газетінің терушісі қызметін атқарады.


ЕАС 203+01

Корректор Шомажанова Алтын

1974 жылы 13 шілдеде  Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997-2005 жж. Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназияда ұстаздық қызмет атқарған. 2006 жылдан бері «Атырау» газетінде корректор болып қызмет етеді.


 ЕАС 203

Корректор Әбілқайырова Эльмира

1976 жылы 5 қарашада Балықшы поселкесінде дүниеге келген.

Ә.Жанкелдин атындағы орта мектепті бітірген соң, 1993-1998 жылдары Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау педагогикалық университетін ұлттық мектептердегі қазақ тілі факультеті бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1996 жылы Балықшы аудандық «Каспий таңы газетінде тілші болып бастады.

2002 жылдан «Атырау-Ақпарат» мекемесінің қызметкері. Күні бүгінде «Атырау» газетінде корректор міндетін атқаруда.


rvMLqwWW-CQ

Корректор Жамбозова Гүлдана

1995жылы 10 қаңтарда Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2013-2017ж.ж Х.Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіннің журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Бүгінде облыстық “Атырау” газетінің корректоры болып жұмыс жасайды.