Қазақстандықтар неліктен шаштарын тақырлап алып жатыр? (+ВИДЕО)

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Қытайда эпидемия кезінде медицина қызметкерлері гигиена сақтау жеңілірек болуы үшін шашын тақырлап алған болатын.  Қазақстанда бұл әдіске қызығушылық танытушылар күн сайын көбейіп келеді. Сұлулық салондары жабық. Олардың қашан ашылатыны белгісіз. Сондықтан тұрғындар шашын өз үйінде ала бастады.  Елде 16 наурызда төтенше жағдай жарияланып, 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылған болатын. […]

Continue Reading

Көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдап, екеуін мерт қылды

Atr.kz/5 сәуір, 2020 жыл. Францияның оңтүстік-шығысындағы Роман-сюр-Изер қаласында болған шабуылдан екі адам қаза тауып, бес адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Қала мэрінің айтуынша, ер адам пышақпен шабуыл жасаған сәтте азаматтардың барлығы дүкеннің кіреберісінде кезекте тұрған. Жараланғандардың бірінің жағдайы ауыр. Полиция күдіктіні ұстады, француз басылымдарының сипаттауынша, ол 33 жастағы судандық азамат. France Bleu […]

Continue Reading

КАРАНТИН: Атыраудағы блок посттарға полициямен бірге, әскерилер тартылды

“Атырау қаласында жарияланған карантин режиміне байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Полиция департаментінің өкілдерімен бірге блокпосттарда қызмет етуде” деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз-қызметі. Бүгінгі таңда Атыраудағы төрт блокпостта 60-қа жуық әскери қызметшілер екі ауысыммен қызмет етуде. Оған қоса, блокпосттарды күшейту мақсатында төрт «Арлан» брондық техникасы бөлінді. «Шектеу бекеттеріне тәжірибелі әскери қызметкерлер тартылды. Олар […]

Continue Reading

Атыраулықтар балконға шығып Гимн шырқады (+ВИДЕО)

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Осы қазір ғана сағат тілі кешкі 22.00-ден аса бере Атыраудағы көпқабатты үйлердің тұрғындары бір мезетте балконға шығып, Мемлекеттік Гимнді қосыла шырқады. Мәселен, Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан №№18, 19, 19 “а”, 25, 27 үй тұрғындары Әнұранмен бірге, “Атырау” телеарнасының жүргізушісі Нұржан Өмірбайдың сөзіне жазылған “Мен – қазақпын” және басқа да осы секілді патриоттық […]

Continue Reading

Атырауда 4 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Бірінші жағдай Атырау қалалық №3 емханада тіркелді. Медбике 14 жастағы жасөспірімнен анализ алу кезінде, қатерлі ауруды жұқтырып алған. Кейін медбикемен қарым-қатынаста болған сол емхананың тағы 2 медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты. Төртінші медициналық қызметкер Атырау облыстық ауруханасында жұмыс істейді. Ол қызылқоғалық коронавирусқа шалдыққан науқаспен қарым-қатынас кезінде инфекция жұқтырған. Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар […]

Continue Reading