Биыл – Ассамблея жылы

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ КОРЕЯҒА ДА ТАНЫЛА БАСТАДЫ

Корея Республикасының Конгук университетінің жанынан Қазақ мәдениеті орталығы құрылады. Ондағы мақсат – қазақтың ұлттық мәдениетін, болмысы мен табиғатын, өнерін дәріптеу, әлемге  үлгі ету. Бұл туралы «Тхоньил» корей этномәдени орталығына 25 жыл толуына орай өткен республикалық активте «Қазақстандағы корейлер қауымдастығы» тете-президенті Денис Ким мәлімдеді.

Читать далее »

«ЖЕРҰЙЫҚ» ТАРИХТАН СЫР ШЕРТТІ

Мерекелік бағдарлама Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында  өткен Корей мемлекеттік музыкалық комедия театры әртістерінің көрінісімен жалғасын тапты. Шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан ашты.

Читать далее »

ІЗГІ ІС ИІРІМДЕРІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұңғыш Президент күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды шаралар өтуде. Соның бірі – бас қаламыздағы Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты түрде ашылған «Қайырымдылық керуені»  атты республикалық съезі.

Читать далее »

ЖОМАРТТЫҚ – ЖАҚСЫ ҚАСИЕТ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен атап өтіліп жатқан биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы барлық өңірлерге елеулі өзгерістер әкеліп, жаңаша серпін беруде. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарды қолдауға орай «20 игі іс», «Тайқазан» сынды іс-шаралар жүзеге асты.

Читать далее »

Ғаділбек ОРАЗОВ, Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры: «БҰЛ – БЕЙБІТ ЕЛДІҢ БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ»

Тәуелсіз Қазақстанда әр этностың өкілдері  өз ана тілінен, салт-дәстүрінен, мәдениетінен ажырап қалмас үшін еліміздің аймақтарында «Достық» үйлері ашылды. Елдегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулу мақсатын көздейтін бұл орталықтар бүгінде елдік бастамалардың жаршысына айналып отыр. Біз «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ғаділбек Оразовпен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында бастау алған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасы жөнінде сұхбаттасқан болатынбыз.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ САНЫ ТОЛЫҒАДЫ

Жуық арада қазақстандықтардың саны 734 адамға дейін толығатын болады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды.

Читать далее »

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАСТАУ АЛДЫ

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» деп аталатын жалпыұлттық акцияны жүзеге асыра бастады. Қарашаның 20-сы күні басталған жоба аясында еліміздің барлық өңірінде «Балаларға қуаныш сыйла!» және «Қамқор» тақырыптарымен шаралар өтіп жатыр.

Читать далее »

ГҮЛСИНА БАЙКЕНОВА, «ТАТУЛЫҚ» ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІМІЗ ӘЛІ АЛДА»

Еліміздің басты саяси күші саналатын «Нұр Отан» партиясының «Партияның 50 тұлғасы» жобасын жүзеге асырғаны белгілі. Бір ерекшелігі, жобаға қатысушыларға жекелеген әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру міндеттеледі.

Читать далее »

АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ АРТАДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы енді жергілікті полицияның жұмысын бағалайды. Бұл туралы жуырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты Ахмед Мурадов айтқан болатын.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҮЛГІСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының конференциясына қатысқан «Вести сегодня» газетінің шолушысы Владимир Решетов «ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі Латвия еліне де керек» деген ойын жеткізді. «Бұл пікірін ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті» дейді «ҚазАқпарат» агенттігі.

Читать далее »