Жолақы төлеудің жаңа жүйесі тағы он күнге шегерілді

Жаңалықтар Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/3 қазан, 2019 жыл. Атыраудағы қала халқының жол жүру карталарын сатып алу белсенділігі төмен. Сондықтанда азаматтар толықтай карталарды алу үшін, тағы он күн берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық көлікте дифференциалды тарифті енгізу күні тағы да 10 күнге шегерілді. Электрондық билеттер жүйесін енгізу жөніндегі жобаны іске асырушылардың айтуынша, мектеп оқушылары мен студенттер жол жүру картасын алу үшін құжат тапсыру белсенділігі төмен.

«Қазіргі уақытта біз мектеп оқушылары мен студенттерге және зейнеткерлерге, мүгедектер мен олардың қамқоршылары секілді әр санаттағыларға 5 мың данадан жол жүру билеттерін шығардық. Бұл қаладағы өте төмен көрсеткіш. Осыған байланысты дифференциалды тарифті енгізу күнін тағы он күнге ауыстыру туралы шешім қабылданды. 11 қазанда ол толықтай енгізіледі», – деді Smart Атырау ҚМУ директоры Әділбек Танкиев.

Айта кету керек, бүгінде Атырау қаласында 90 мыңға жуық оқушы, 50 мың студент, 27 мың зейнеткер және 30 мыңнан астам мүгедектер мен олардың қамқоршылары бар. Еске салайық, бұған дейін қоғамдық көліктерде дифференциалды тарифті енгізу 1 қазанға жоспарланған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *