Жеті сабақ қиын ба, жеті кітапты арқалау қиын ба?

Жаңалықтар

Atr.kz/6 желтоқсан, 2019 жыл.   Жаңа бағдарламаға сәйкес әр сабақтың ұзақтығы 45 минуттан 40 минутқа қысқарды.

Шәкірт уақытын үнемдеу бір қарағанда көңілге де қонымды. Оның үстіне бес күндік сабақ аптасы ата-аналарға да, оқушыға да, мұғалімге де ыңғайлы. Оған еш қарсылығымыз жоқ. Тек кейде оқушылардың сабақ кестесінің жеті-сегіз сабаққа дейін созылатынын естігенде ғана ойлануға тура келеді. Сегіз сабаққа сегіз кітапты тасу қажет.

 Ал, әр кітап аз дегенде 500 грамм болса, «Ағылшын тілі» пәніне арналған кітаптардың салмағы 1 келі тартады. Оған сегіз сабаққа арналған екі дәптер, жазу-сызу құралдарын қосыңыз. Кейбір оқулықта атлас, зертханалық дәптер, қосымша хрестоматия болатынын да есептеңіз. Сонда әр шәкірт күніне 500 грамм тұратын сегіз оқулық, басқа да керек-жарағын қосқанда 4-4,5 келі сөмке арқалауға мәжбүр. Осы мәліметтерге қарай отырып, «мектеп сөмкесінің бала денсаулығына қаншалықты әсері бар?» деген ой мені толғандырғаны рас.

Мектеп сөмкесіне қойылатын талаптар

М а м а н д а р м е к т е п сөмкелерінің иыққа ілер тұстағы жолағының жалпақ болуы керектігін айтады. Сөмке қымбат болса да әйгілі брендтердің сапалы сөмкесін таңдау, жас және жыныс ерекшелігіне сай таңдау керек. Түс және сурет өте маңызды. Оқушы сөмкені өз қалауымен таңдағаны жөн. Мамандар осы мәселеге бас ауырта келе, портфельдің салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс дегенді айтады. Балаңыз 27 келі тартса, сәйкесінше, мектеп «дорбасы» да 2,7 келіден артық болмау керек. Ал, төменгі сынып оқушыларының сөмкелері 1200 грамның шамасы болса құп.

Өз кезегінде ресейлік санитармамандар бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан, 5-6 сыныптар үшін — 400, 7-9 сыныпқа 500 грамнан аспауы керектігін есептеп шығарған. Сонымен қатар, сөмке екі иыққа бірдей ілінуі керек. Португалия мемлекетінің мамандары да осы формуланы құптаған. Оқушының сөмкесіндегі заттың салмағы бала салмағының 10%-ын ғана құрауы керек. Осы тепе теңдік ескерілген жағдайда ғана баланың денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді. Бала денсаулығына тигізер әсері Жалпы, қазіргі мектеп оқушыларының і ш і толы «қоржындарының» ауырлығы мен шама – дан тыс заттарды тасуы д е н с а у л ы қ қ а к е р і әсерін тигізбей қоймайды. Баланың қан қысымының қалыптан шығуына септігін тигізеді. Тіпті, әлі қатая қоймаған оқушының кеуде сүйектерінің қисаюына әкеліп соғатын көрінеді. Ол аз болса, мұның салдары мидың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізетінін қосып қойыңыз.

Қ а н д а й д а б о л м а с ы н , ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасы мен арқа бұлшық еттеріне залалы болатыны анық. Жас ұлғайған сайын оның зардабы үлкейе түседі. Біздің елімізде мектеп сөмкесінің қандай болуы керектігін қадағалайтын мемлекеттік стандарттар жоқ.

Ең маңыздысы – бала денсаулығы. Сондықтан, ауыр сөмке арқалатып, сап-сау баланың сколиоз бо л ғ а н ы н  б а й қ а м а й д а қалып, сан соғып жүрмейік.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Әлия САПАРОВА,

Атырау қалалық №34 көпсалалы мектеп гимназиясының мұғалімі:

Ата-аналар сөмкедегі оқушыға қажет емес заттарды тексеріп отырса. Ең болмағанда, онсыз да ауыр сөмкені жеңілдетіп, керек емесін үйде қалдыру қажет.

Мектеп басшылары оқушылардан міндетті түрде «екінші аяқ іммен» жүруді талап етеді. Ол да – бір дорба. Дене тәрбиесіне әкелетін киім және бар. Осыларды сыныпта қалдырып кететіндей, тасып жүрмейтіндей жағдай жасаған жөн. Оқушылар сөмке таңдағанда міндетті түрде ата-ананың ақылын тыңдап, оның сапасына көп мән берулері керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *