Жарқын жобаларға – жалын жігермен! (+ВИДЕО)

ATR.TV Басты жаңалық Ел жаңалықтары ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Жаңғырту 3.0 Жолдау Мәселе Рухани жаңғыру Ұлы даланың жеті қыры

Жастар жылының ресми ашылу салтанатын  Атыраудан бес мыңнан астам жас тікелей эфирден тамашалады.

Атап айтар болсам, облыстың жеті ауданында құрылған жастар ресурстық орталықтарының, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері ғимараттан шықпай-ақ тікелей бейнекөрсетілім арқылы, сондай-ақ, алпысқа жуық атыраулық жас облыстық әкімдік ғимаратында аталған шараға куә болды.

Елбасымен өткен екі сағат ішінде ел үшін маңызды мәліметтер мен тағылымды тарихқа қанықтық. Жиынды қорытындылаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға зор сенім білдіріп, сол сенімнен шығып еңбек етуге шақырды.Screenshot_2019-01-23-13-43-59

Қазіргі таңда Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен жастарға арналған «Жол картасы» жобасы жасақталып жатыр. Ол биылдың бірінші тоқсанында облыс әкімінің қолымен бекітіледі. Сөйтіп, түрлі бағытта тың жобалар дүниеге келмек. Сондай-ақ, ауыл жастарын көшбасшылық қасиеттерге баулып, жаңа технологияларға үйрететін бағдарламалар да қолға алынады. Бұған қоса, жаз айларында облыс жастарының аудандағы күндері өтеді. Аталған шаралардың барлығы аймақтағы 72 ауылдық округті қамтиды.

«Ұлттық құндылықтар» жобасы аясында жастар театры Сарайшыққа барып, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттайтын спектакльдерді қояды. Бұл – жыл бойы жүргізілетін жұмыстардың тек бастамасы ғана.

Жастар жылының ашылу салтанатындағы өз замандастарымыздың – түрлі сала өкілдерінің ой-пікірлерінен айрықша әсер алып, жігеріміз келешек жарқын жобаларды жүзеге асыру ісіне құлшынып отырмыз.

Айгерім ҚҰРМАНБЕРЛИЕВА,

Атырау облысы  жастар саясаты  мәселелері

басқармасының бас маманы.

Бейнежазбаны түсірген: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 IMG-20190123-WA0029

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *