Жаңа жылға дейін ескі ақшадан арылыңыз!

rop Жаңалықтар

Atr.kz/21 қараша, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 3 қазанда ҚРҰБ аумақтық филиалдарының 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10 000, теңгелік банкноттарды қабылдау мен айырбастаудың үш жылдық кезеңі аяқталатынын еске салады.

Жеке және заңды тұлғалардан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және оларды ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстыруды ҚРҰБ аумақтық филиалдары банкноттардың түпнұсқалығын растағаннан кейін комиссиясыз және сомасы бойынша шектеусіз жүзеге асырады.

Сұрақтар туындаған жағдайда «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалына 8(7122) 55 65 02, 55 65 14 телефондары бойынша өтініш жасауға болады.

Арайлым АМИН,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

lolrolrlrro 1
mptprp
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз