ШАРУАГЕРГЕ – ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ

Қосшағыл ауылдық округінің әкімдігінде өткен жиында бұл мәселе жан-жақты талқыланды.

 

Тұрғындар жаңа жобаның шаруа адамына тигізер пайдасы жөнінде көбірек білгісі келеді. Осыған орай, әкімдіктегі мамандар егжей-тегжейлі түсінік берді. Шартты ақшалай көмек (ШАК) – отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты негізінде тағайындалады. Белгіленген талапқа сай, мұндай көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аз болған жеке тұлғаларға тиесілі. Демек, бұл дегеніңіз – шаруаға икемді отбасылар үшін мемлекет тарапынан тағайындалатын мақсатты төлемнің бір түрі. Осы жерде ескере кететін жағдай, ШАК төленетін жағдайда, атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. ШАК өтініш бергенге дейінгі 12 айлық табысы бойынша есептеледі және ай сайын төленіп отырады. Ал, отбасының құрамы өзгерген жағдайда, сол сәттен бастап қаржы мөлшері қайта есептеледі.

Аталған округ әкімі Айтқали Ідірісов «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасынан туындайтын жұмыспен қамту мен ауылдық кәсіпкерлікті жетілдіру шаралары – инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуды көздей-тінін айтады. Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаржысы есебінен іске асырылатын өзге де мемлекеттік қолдау шаралары тұтастай отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа тартуды мақсат етеді.

Қаржау ОРАЗБАЕВ, меншікті тілшіміз.

Жылыой ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз