Атырауда кәсіпқой фотосуретшінің көрмесі өтті

Жаңалықтар Мәдениет

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Журналистер Одағының мүшесі, кәсіпқой фотосуретші Рафхат Халеловтың «Жайықтан ескен самал жел» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы болды.

Рафхат Елжасұлы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында  дүниеге келген. Ол ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдерімен, Қадыр Мырза Әли атындағы медальмен марапатталған. Бірнеше мәрте республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орынға ие болған. Жалпы, 40-тан астам кітапқа фотосуреттері енген.  

Көрмеде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр түрлі диспора өкілдерімен, БҚО ардагерлерімен кездесуі, сондай-ақ, қазақтың ақын жазушыларының, мәдениет қайраткерлерінің қайталанбас сәттері көрсетілген 100-ден аса жұмыс көрерменге ұсынылды.

Бұл көрме наурыз айының 31 жұлдызына дейін жалғасады.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *