Ерікті зейнетақы жарнасын қашан алуға болады?

Жаңалықтар

Atr.kz/1 қазан, 2019 жыл.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауынан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы» қорына қатысты сан сауал туындап отыр.

Аталған қор салымшыларының бәрі де «жинағымыздың белгілі бір бөлігін қашан, қалай аламыз?» десті. 

 «БЖЗҚ» АҚ Атырау филиалы «Ашық есік» күнін тоқсан сайын өткізіп тұрады. Бұл жолы шара «Ерікті зейнетақы жарналарына арналды. Аталған шараны филиал директоры Қозыбақ Құлбарақов ашты.

 – Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, ерікті зейнетақы жарналары болашақта зейнет демалысына шыққан кезде үлкендер үшін қосымша қаржылық қолдау болады. Мұның ерекшелігі сол, салымшы қорға қаншадан салып тұратынын өзі шешеді. Ең маңыздысы – ерікті зейнетақы жинағын салымшы өзінің  зейнеткерлікке шығуын күтпестен, 50 жастан бастап пайдалана алады, – деді Қозыбақ Әбуұлы.

«Ашық есік» күніне арнайы келген С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттері мен басқа да салымшылар көтеріліп отырған тақырыпқа қатысты өз сауалдарын қойды. Оларға аталған филиал басшысы Қозыбақ Құлбарақов, оның орынбасары Қарлығаш Жансариева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Сағынбекова жауап берді. 

Лиза СЕЙТІМОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *