Бүгіннен бастап такси жүргізушілері түбіртек беруге міндетті

20190306131508 Жаңалықтар

Atr.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Елімізде 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр.

Атап айтқанда, «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Өзгерістер 1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, салық төлеушілер өз қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің тізімі ұзарып, 323-ке жеткен.

Такси жүргізушілерімен бірге түбіртек беруге шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, ломбардтар мен қонақүйлер, құмар және бәс тігу ойындарын ұйымдастырушылар, сондай-ақ сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың, тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар міндеттелген. Түбіртек беруге міндеттеліп отырған қызмет түрлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.

ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз