Азаматтардың несиесін кешіру акциясының қашанға дейін жалғасатыны белгілі болды

Жаңалықтар

Atr.kz/9 қыркүйек, 2019 жыл. Азаматтардың кепілсіз тұтынушылық несиесін кешіру акциясы уақытпен шектелмеген.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова осындай мәлімет айтты.

 «Бұл бір жолдық акция. Яғни, жалпы берешек сомасы 2019 жылдың  1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс. Маусым айында осы жаңалықты ести салып банктен несие алғандар бұл тізімге кірмейді. Ондай азаматтар болды. Қабылдауға келгендердің арасында да бірен-саран азамат болды. Ал, тізімге енбей қалғандар, өзін аталмыш 5 санатқа жатамын деп есептейтін азаматтар бізге құжаттарымен бірге өтінішін өткізуі керек. Яғни, акция қандай да бір уақытпен шектелмеген. Бұл тұрғыда азаматтардың алаңдауына негіз жоқ», – деді вице-министр.

Cаll-орталық:

  111, 87172 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78.

 

Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде 4 мыңнан астам жетім бала мен кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жастар туралы мәлімет жоқ.

«Егер тізімде болмаса,  азаматтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін cаll-орталыққа жүгіне алады. Ұялы телефон арқылы 200-дей адам маған тікелей шығып, өздерінің тізімге енбей қалғанын хабарлады. Ол кісілерге нақты түрде көмектесуге тырысып жатырмыз. Ал өткен аптаның сейсенбі-бейсенбі күндері ғана 120 кісі қабылдауға келді», – деді Светлана Жақыпова.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *