Атыраулық волейболшылар үздіктер қатарынан көрінді

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/8 қазан, 2019 жыл. 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы  ҚР 27-ші Кубогы өтті.

“Атырау” клубы тартысты ойында екінші орын иеленді.  Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында  петропавлдық “Есіл СК” командасын 3:0 көрсеткішімен жеңіп, жартылай финалда дәл сол есеппен “Ұшқын-Көкшетау” командасын тізе бүктірді. Финалдық матчта атыраулықтар  Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды.  Ал Маңғыстау облысының “Маңғыстау”  командасы үздік үштікті қорытындылады. 

–  Қазіргі таңда біздің команда  алда өтетін “Суперкубок” ойынына қызу дайындалуда.  Осы ойында  ҚР кубогында көрсеткен  нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, – дейді “Атырау волейбол клубының” директоры Амандық Ғарифолла. 

Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында “Суперкубок” ойыны өтеді.  Ойында  Қазақстан кубогында үздік төрттік қатарынан көрінген “Буревестник”, “Атырау”, “Маңғыстау”, “Ұшқын-Көкшетау” командалары өзара бәсекеге түсетін болады. “Суперкубок” иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін  волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның  намысын қорғайтын болады.

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *