АТЫРАУЛЫҚ САМБОШЫЛАР ҮЗДІК АТАНДЫ

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. «Атырау» спорт кешенінде 2004-2005 жылы туған мектеп оқушылары арасында самбодан республикалық жарыс өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған боз кілем сайысына  Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Манғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының командалары  қатысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес өткен жарыс қорытындысында  қыздар арасында Айназ Асанқызы (38 келі, Атырау облысы), Асылзат Нұрланқызы (41 келі, Атырау облысы), Жаншат Ақниет  (44 келі, Атырау қаласы), Анеля Зейнешова (44 келі, Батыс Қазақстан облысы), Дана Абдирова (52 келі, Атырау қаласы), Әсемгүл Өтегенова (52 келі, Атырау қаласы), Азиза Атантаевалар (60 келі, Қостанай облысы) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Ал, ұлдар бәсекесінде Нариман Мұқан (38 келі, Атырау облысы), Қобыланды Шайқы (46 келі, Ақтөбе облысы), Қазбек Аңсаған (50 келі, Атырау қаласы), Береке Рахматуллаұлы (55 келі, Жамбыл облысы), Ерасыл Удереев (60 келі, Атырау қаласы), Бексұлтан Идеят (66 келі, Атырау қаласы), Даниял Меңдіғалиев (72 келі, Атырау қаласы), Ұлан Ғұмаровтар  (+72 келі, Ақтөбе облысы) қарсыластарының барлығынан басым болды.

Осылайша, жалпы командалық есепте қыздар және  ұлдар арасында да Атырау қаласының командасы үздік болды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *