Атырауда жылу беру маусымы басталды

Жаңалықтар

Atr.kz/4 қазан, 2019 жыл. 1 қазаннан бастап қаланың әлеуметтік мекемелеріне жылу жүргізілді.

Өткен сейсенбіде, «Атырау жылу желілері» АҚ жылу маусымының басталғанын мәлімдеді. Кәсіпорынның хабарламасына сәйкес, жылу мектептерде, балабақшаларда, медициналық, сот нысандарында, әкімшілікте, мәдени орталықтарда және басқа да ұйымдарда жүргізілетін болады.  Айта кетейік, жылу маусымының ресми түрде басталуы 3-5 тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8°С болуымен есептеледі.

Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №104 қаулысына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарда жылу беру 1 қазаннан, тұрғын үйлерде 15 қазаннан басталады.  –

«Атырау жылу желілері» АҚ ПИК-нің жазбаша өтініші бойынша, пәтер иеленуші кооперативтерде, өзге де басқару құрылымдары жоқ үйлерде, шаруашылық субьектілірінде тұрғындардың келісімімен жылытуды белгіленген межесінен ертерек бастауға дайын, – делінген кәсіпорын хабарламасында.

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *