Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырауда КТ, МРТ қызметтері тегін, әрі кезексіз болады

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындарға компьютерлік томография және магниттік резонанстық томография қызметтері тегін көрсетіледі.

Бұл туралы бүгін Атырау Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Бұған дейін аталмыш қызметтер облыстық аурухана мен балалар ауруханасында ғана көрсетілді. Бұл екі нысандағы құрал-жабдықтар облыс тұрғындарын бір мезетте тұтас қамти алмады.

Соның салдарынан пациенттерге тегін жолдама берілгенімен, кезегін бір айдан аса уақыт күтуге тура келді. Осы мәселені оңтайлы шешу үшін  компьютерлік томография және магниттік резонанстық томография қызметтерін көрсететін жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарымен  мемлекеттік емханалар арасында қосымша келісім-шарт жасалды.

img 20200305 wa0053

Нәтижесінде бүгінде Медициналық сақтандыру аясында аймақта 5 КТ, 3 МРТ аппараттары қызмет етуде. Ендігі уақытта осы қызметтерді алу үшін бірнеше күн күту мәселесі болмайды, — дейді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Сондай-ақ, спикер облыстық кардиологиялық орталықтың қосымша елу орындық нысаны іске қосылғанда мұндағы кезек мәселесі де реттелетінін айтты. «Бұл қосымша ғимараттың құрылысы биыл сәуірде аяқталады. Одан әрі пациенттердің жүрек ауруларының тексерісіндегі кезек күту пролемалары да шешімін табады» деді Сәбит Райымбекұлы.

       Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zha%d2%a3a-e%d2%a3beka%d2%9by-t%d3%a9leu-zh%d2%afjesi-engizilmek/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button