Атырауда бір күнде 3,5 тонна дезинфекциялық ерітінді жұмсалды (+ФОТО)

whatsapp image 2020 03 25 at 15.45.59 1 Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Атырау қаласының қоғамдық орындарын дезинфекциялау  жұмыстарына 3,5 тонна дезинфекциялық ерітіндісі пайдаланылды.

Бүгін облыс орталығындағы халық көп жиналатын қоғамдық орындарды  дезинфекциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы  әкімдігінің бастамасымен қоғамдық  орындарға кең көлемді дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

«Батыс» аймақтық қолбасшылығының әскери қызметшілері аумақты  дезинфекциялауға  қатысуда. Арнайы  жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер дезинфекцияға арналған ерітінділерді пайдаланды.  Жұмыс қаладағы төрт учаскеде – халықаралық  әуежайда, автовокзал және теміржол вокзалы, сондай-ақ «Исатай-Махамбет» алаңында жүргізілуде.

–  Дезинфекциялық аумақтағы ерітіндінің әсері 5 сағатқа дейін созылады. Оның тұрғындары үшін ешқандай қауіпі жоқ. Бүгінгі таңда 3,5 тонна ерітінді  пайдаланылды, – деді «Батыс» аймақтық қолбасшылығы Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскери  бөлімінің қызметкері Сафар Фазылов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Қаланың өзге де орындарын дезинфекциялау жұмыстары күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін елде төтенше жағдай алынғанға дейін жалғасады.

whatsapp image 2020 03 25 at 15.46.00
whatsapp image 2020 03 25 at 15.45.59 3
whatsapp image 2020 03 25 at 15.45.59 2
whatsapp image 2020 03 25 at 15.45.59
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз