Атырауда атақты күйшінің ескерткіші бой көтерді (+ВИДЕО, ФОТО)

50652433 2085660978192763 395502961100324864 n БЕЙНЕЖАЗБА

Бүгін Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың домбырасын әлемге танытқан дәулескер күйші, композитор, жерлесіміз Қаршыға Аxмедияровтың ескерткішінің салтанатты ашылу шарасы болды.

FB_IMG_1548591678257

51033638_625064287928241_347456570709245952_o

51196899_625064247928245_5837517453332054016_o

Қазақстанның Халық әртісі, дүлдүл домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың ескерткіші қаланың ең көрнекті жеріне, «Қазақстан» қонақ үйінің алдына орнатылды. Домбырасын қолына алып тұғырға қонған күйші ескерткіші – ҚР Мәдениет қайраткері, мүсінші Едіге Рахмадиевтің жұмысы. Мүсіннің биіктігі – 3,5 метр. Ескерткіштің ашылу салтанатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қаршыға Ахмедияров шебер орындаушы ғана емес, өскелең ұрпақты өнер жолына баулыған, ұлттық сананың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген педагог болғанын атап өтті. Ол әмбебап-музыкант, дирижер, зерттеуші, композитор, күйші, орындаушы болды.

– Бүгін қуаныш күні, салтанат күні және бір жағынан өкініш күні. Ортамызда өз өнерімен қазақ халқының ұлылығын әлемге әйгілеген Қаршыға Ахмедияров жоқ, – деді Нұрлан Ноғаев. – Оның таланты мен өнері халқының мақтанышы болды. Талант еңбекпен шыңдалады. Бүгін біз осы ескерткішті аша отырып, оның еңбегі мен жетістіктерін еске аламыз. Ол күй зерттеушісі, ұстаз ретінде бірнеше өнер шеберлерін тәрбиелеп шығарды. Бес жасында қолына алған қазақтың қасиетті домбырасы өмірлік серігіне айналды. Қаршыга Ахмедияров белгілі күйшілердің шығармаларын орындап қана қойған жоқ, өзі де 60-тан астам күй шығарды.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген туыстары мен жақындары күйші Қаршығаның күллі әлемді тамсантқан ғажап орындаушылық шеберлігін, бай шығармашылық мұрасы мен өнердегі ізін жалғайтын дарынды шәкірттерін атап өтті. Шара одан әрі Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониядағы концерттік бағдарламаға ұласты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

FB_IMG_1548591954863

 

 

51077014_625064227928247_1752109059177185280_o

 

51378982_625064237928246_6508011163052146688_o(1)

FB_IMG_1548591992786

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Карлыгаш

    Өте тамаша публикация,қысқа ,әрі тартымды.Фотосуреттерде үйлесімді,анық түсірілген.