АҚЫН АМАНАТы

Жаңалықтар Әдебиет

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. 2011 жылыдң сәуір айы болатын. Телефон шыр ете қалды. Көтеріп едім, Фариза апайдың даусы естілді.

–Амансың ба, шырағым? -деді апай. Хал-жағдай сұрасқаннан соң, өзінің шаруасын айтты. Жас қызға ғашық болған жігіт ағасының бұйымтайымен өлең жазыпты.

– Өтінішім, соған ән жазып бер, -деді.

− Естайдың Қорланын білетін бе едің?- деді.

– Әрине, білемін, апа. − Онда, сол секілді лирикалық ән болса…

− Сөзін айтып тұрайын, жазып алшы, – деді апай. Фариза апай өлеңін телефонмен оқып берді. Мен жазып алдым. Әрине, ән шығару оңай емес. Арада он бес шақты күн өтті. Фариза апай тағы телефон соқты.

– Болат-ау, ән не болып жатыр? -дейді.

– Дайындап жатырмын, апа, – дедім. –Жарайды, – деп телефонды өшіре салды. Содан кейін әнге кірісіп кеттім. Шумағына (куплет) әуен шығарғанмен, қайырмасын апайдың жазған мәтініне келтіре алмадым. Арада айлар жылжып өтіп жатыр. Фариза апай шілде айында тағы бір рет хабарласты.

– Болат, айналайын, мен Атырауға келіп жатыр едім, ән дайын ба?-деп сұрақты төтесінен қойды. –Апа, қайырмасының сөзі келіңкіремей тұр, өзгерте аласыз ба? – дедім.

– Өзгертіп беремін, – деді де трубканы қоя салды. –Болат, шырағым, қайдасың? Қай жерде кездесеміз?- деді сол күні түстен кейін хабарласқанда.

– Білмеймін апа, негізі аспап(инструмент) бар жерде кездессек, жақсы болар еді, -дедім әннің әуенін тыңдатып алуды ойлап. Шамамен жарты сағаттан соң «Мекен жайың қайда? Саған келе жатырмын» деп тағы хабарласты. Шамалы уақыттан кейін Фариза апай келді. Үйге кіріп, кішкене тыныққан соң әңгімесін бастады. Ж о ғ а р ғ ы с ө р е д е достарымның сыйға тартқан, қара нәсілді музыканттардың суреттері тұр еді.

– Мыналарың кімдер? Бұларды неге төрге іліп қойдың? – деді Фариза апай зілді дауыспен.

– Ж а қ с ы , ә л г і ң д і тыңдатшы, – деді одан әрі. Ән әуенін ыңылдап айтып, аспапта ойнап бердім. Отыру қиындау болды ма, диванға жантайып жатып, қайырманың сөзін жазабастады.

– Шіркін-ай, сол бір өрен, – деп басталады екен қайырмасы.

– Өрен деген сөзді білесің бе, – деп маған сұстылау көзбен қарады. – Өрен деген –жас, бойжеткен, деген мағынаны
білдіреді, – деді сосын.

– Апа, білемін, мен қазақ класында оқыдым ғой, – деп жымидым. Уақыт созып, көп отырмады. Үйден шығуға бет алғанда «шай ішіңіз» деп ізет білдірдік.

– Әуреленбеңдер, сусын болса жетеді, – деп, келіншегім ұсынған көжеден ауыз тиді. – Менің Атырауға келгенімді естідіңдер. Неге келіп сәлем бермейсіңдер? – деді. «Сасқан үйрек артымен сүңгидінің» керімен «Апа, сіздің қасыңызда ұдайы әкімдер, депутаттар жүреді. Бізді олар жақындата ма? – деп едім.

– Қойыңдаршы, осы, – деп қолын бір сілтеп шығып кетті. Даусында зіл болған жоқ. Сол күні кешке таман әнімді дайындап, бірнеше рет аспапта ойнап көрдім. Өзіме ұнағандай болды. Апайға соғып едім, «Дамбы ауылындамын, уақытың болса келіп кет» деді. Көп кешікпей, апай айтқан ауылға іздеп бардым. Демалып жатыр екен, мені көріп, келесі бөлмеге бастап барды. Онда ескілеу қара пианино тұр екен. –Кәне, ойнап көрші, – деді.

Сол пианиномен ойнап, әнді айтып бердім. Үнсіз тыңдап отырды. «Жаман емес, бірақ, не шедевр» деді. Оған мен ренжіген жоқпын. Себебі, алғашқы тыңдағанда апайға көпшілік ән ұнамайды. «Өмір сен» атты әнімізді де бастапқыда көп ұната қоймаған еді. Артынан поэзиялық кештерде «Өмір сенді» өзінің де орындап жүргенін талай естідім. Жаңа әннің атын «Ғашық жігіттің әні» деп үлкен әріппен жазып берді. «Апай әннің аты тым ұзақ екен, «Ғашық сезім» деп өзгертсек қайтеді» деп едім, өзінің келісімін берді. Арада біраз уақыт өтті. Апай сырқаттанып, әнмен көп ісі болмаған сияқты.

Ә н д і Н . Ж а н т ө р и н атындағы Атырау облыстық филармониясының әншісі Медет Қарамырзаға көрсеттім. «Аға, жақсы ән екен, орындаймын» деді елгезек інім. Сөйтіп, әннің өңдеуін жасатамыз, студияда дауыс жаздырамыз (кейін Медет Алматыдан өз қаржысына жаздырып келді) деп жүргенде, апамыздан айрылып қалдық. Бұл әнді Фариза апай кәсіби әншінің орындауында тыңдай алмады. Әрине, өкінішті.

P.S:

Ғашық жігіттің кім екені жұмбақ болып қалды. Кейде «бұл кейіпкер апамыздың қиялынан туған шығар» деп те ойлап қоямын.

Болат ҚОХАМАНОВ,

композитор

Тағы оқыңыз:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *