Атырауда жұмысшы құқығы мәселесі талқыланды

img 20191005 wa0096 Жаңалықтар

Atr.kz/5 қазан, 2019 жыл. Атырау қаласына Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді.

Ондағы мақсат – өңірдегі халықтың əл-ауқатын арттырудағы, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстармен танысу еді.

     Елордадан келген мейман облыс əкімі Нұрлан Ноғаев жəне облыстық кəсіподақтар федерациясының төрағасы Ізтұрған Баймұхановпен бірге «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің өндіріс орнына барып, тыныс-тіршілігінен хабардар болды. Мекеменің бас директорының орынбасары Рафик Мұхатов ғимарат ішін аралатып, жан-жақты ақпарат берді. Мұнда қара алтын өндірісіне қажетті барлық қондырғылар жасалады. Бүгінгі күні кəсіпорын əлемдік деңгейдегі жетекші жабдық өндірушілерде оқып, ИСО 9001, 14001, OHSAS 18001 стандарттарына сəйкес сертификатталған.
      Бұл ретте, Ералы Лұқпанұлы өндірістің жұмысшыларымен еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, əлеуметтік-тұрмыстық жағдайы туралы əңгімелесті.
     «Əр кəсіпорын еңбек адамының алаңсыз, қауіп-қатерсіз, жайлы жұмыс орнында қызмет етуін қамтамасыз етуге тиісті. Ал, біз өз тарапымыздан еңбек ұжымындағы əлеуметтік тұрақтылық пен əл-ауқаттың артуына жұмыстанатын боламыз» деген Төраға кəсіпорын жұмысшыларына табыс тілеп, өндірістік көрсеткіштердің одан əрі арта беретініне сенім білдірді.


Майра Оразғалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз