Н.Ноғаев: Тұңғыш Президент Қазақстанды әлем таныған мемлекетке айналдырды

IMG 5494 01 12 18 02 34 Жаңалықтар

Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

IMG_5494-01-12-18-02-34

– Егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасына тиесілі. Қазақстан Тәуелсіздігінің негізін қалаушы, еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жан жақты сараланған сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың іргерілеуімен өркендеу жолынан өтіп келеді.Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның жеткізген жетістіктері ұлан ғайыр. Еуропалық қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымына төреағалық етуіміз, Шанхай ынтамақтастық ұйымының отырыстары, EXPO – 2017 көрмесін өткізуміз және т.б. беделді бас қосулар. Әрине, Тәуелсіз еліміздің символына халқымыздың мақтанышына айналған Астана. Ең бастысы – экономикамыз тұрақты дамып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бірегей жобалар негізінде халық қолдаған Елбасының тың идеялары, батыл қадамдарын айта кеткен жөн. Бүгінде Қазақстан өзіндік келбетімен әлемдік қауымдастықта ерекшеленетін ел. Тұңғыш Президент Қазақстанды әлем таныған мемлекетке айналдырды. Елімізді дамытуға бірлесе үлес қосайық, – дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
IMG_5495-01-12-18-02-34
Шара барысында Тұңғыш Президент күніне, сондай-ақ Астананың 20 жылдығына орай Атырау облысының саяси-әлеуметтік, мәдени дамуына еңбегі сіңген қызметкерлер «Құрмет» медалімен марапатталды.
Салтанатты шара қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз