ОДЕРДЕГІ ОЙРАН

Соғыстың 1400-ші күні 1945 жылдың 21 сәуірі

Кеңес жауынгерлері Берлин үшін жойқын шабуылдарын үдете түсті. 2-Белоруссия майданының 65 және 70-армия әскерлері бұл күні шабуыл бастауға қолайлы жерлерінің аумағын кеңейтті. Вест-Одер өзенінің батыс жағалауында жаудың бекінісіне 49-армия бағыт алды.

1-Белоруссия майданының 61-армиясы мен Польшаның 1-армиясы жауынгерлері шегініп бара жатқан жаудың әскери бөлімшелерін тықсырды. 47-армияның екі жақ қанатын жабу үшін 7-гвардиялық кавалерия корпусы ұрысқа түсіп, Вандлитц – Багдорф шебіне таялды. 47-армия, 3-екпінді армия мен 2-гвардиялық танк армиясы жауынгерлері бекіністі бұзып өтіп, Берлиннің солтүстік шеткері аймағындағы автожолды жауып тастады. Осы уақытта 5-екпінді армия Германия астанасының солтүстік-шығыс жағына жетті.

Австрия жерінде Венаның солтүстігіне қарай 2-Украин майданының әскерлері шабуылдарын ширата отырып, Райнталь, Катцельс-Дорф, Шраттенберг елді мекендерін жаудан тазартты. Чехословакия жеріндегі біздің әскерлер Годонинның оңтүстік-батысындағы Валтице қаласын неміс басқыншыларынан азат етті. Кеңес әскерлерінің жойқын шабуылдарынан әбден әлсіреген немістер Австрияның өздері басып алған 30-дан астам елді мекенін тастай қашты.

 Дайындаған

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз