ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ ТАРАТЫЛДЫ

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай, жастар ұйымдарымен бірлесіп, Жеңіс саябағында бір мыңнан астам адамға қазақстандық жаңа үлгідегі Жеңіс лентасын үлестірді.

 

Аталған орталықтың бөлім жетекшісі Құдайберген Қалиевтың айтуынша, бұған дейін ірі көше қиылыстарында, Жайық жағалауында, алаңдарда, №2 емхана ғимаратының алдында қала тұрғындары мен оқушыларға бес мың лентаның үш мыңы таратылған болатын. Акцияға еріктілер мен жастар бірлестіктері, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері де қатысты. «Тыныштық пен береке орнаған Қазақ елінің бірлігін танытатын игі шараны құптаймын. Жаңа үлгідегі лентаны дайындау идеясы қазақстандықтардың патриоттық рухын асқақтата түспек. Алдағы Жеңіс мерекесінде кеудеме жаңа лентаны қадап аламын» дейді денсаулық сақтау саласына еселі еңбек еткен зейнеткер Лидия Горшкова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз