Атырау облысының әкімі әлем чемпиондарымен кездесті

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аралас жекпе-жектен әлем чемпиондарымен кездесті, – деп хабарлайды  Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. Аймақ басшысы қазақстандық жауынгерлерді жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда табыс тіледі. – Кездескеніме қуаныштымын. Сіздер жеңістеріңіз арқылы қазақстандық жауынгерлердің күш-қайратын көрсеттіңіздер. Бұл тек сіздердің емес, барша қазақстандықтардың жеңісі. Бұл жетістіктеріңіз жас спортшыларға үлгі. Атырау облысында […]

Continue Reading

Атырауда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды (+ФОТО)

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. Облыстық прокуратура жанынан азаматтарды қабылдау орталығынның ашылуы өтті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. ҚР Президентінің «Еститін мемлекет» концепциясы аясында ашылып отырған бұл орталықта  халықпен кері байланыс орнатылып, құқықтық көмек көрсетіледі.  Мамандардың айтуынша, кез-келген уақытта азаматтар бұл орталықтан  5-10 минутта нақты  құқықтық көмек ала алатын болады. – Бұл орталық 24 сағат […]

Continue Reading

Атырауда мамандар ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. 11 қаңтар күні Атырау қаласының маңында орналасқан «Водниково-2» ықшам ауданында екі кішкентай бала ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен. Жеткіншектердің денесін  сүңгуірлер оқиға күнінің ертесінде тапты, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержанов мәлімдеді. Балалар  шаналары  қалып қойған  жерден 15 […]

Continue Reading

Билік қоғамның сұранысына шұғыл жауап береді – Мәулен Әшімбаев

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  Бүгін билік қоғамның сұранысына шұғыл жауап береді. Азаматтық альянс өкілдерімен кездесу кезінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазіргі таңда елімізде қоғамдық диалог нығайып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылып жатқанын білесіздер. Бұл бағытта біршама жұмыс атқарылды. Ұлттық қоғамдық сенім […]

Continue Reading

Асхат Аймағамбетов ғылымды басқару жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылымды басқару жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дәстүр бойынша Жаңа жылдың басы өткен жылды қорытындылап, жаңа міндеттерді іске асыратын уақыт деп есептеймін. Мен ғылым саласы туралы әдейі көп жазған жоқпын, себебі бұл салада жиналып қалған мәселелер өте күрделі, әрі сан қырлы […]

Continue Reading

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл. ҚМДБ осыдан тура 30 жыл бұрын іргетасы 1943 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте қаланған Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп, дербес діни басқарма болып құрылды. Осы күні Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайы өтіп, Бас мүфти қызметіне Рәтбек қажы Нысанбайұлы сайланды. Тұңғыш […]

Continue Reading