Қасым – Жомарт Тоқаев: “Әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарас қажет”

Басты жаңалық Жолдау Саясат

Atr.kz/23-ақпан, 2019 жыл. ҚР Сенатының төрағасы Қасым – Жомарт Тоқаев Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.


“Президенттің Үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі дер кезінде қабылданды. Қазақстандағы жағдай әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарасты қажет етіп отыр. Парламент Сенаты жұмысқа түзетулер енгізеді”, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Министрлер кабинетінің жаңа мүшелеріне қойылатын талаптар 27 ақпанда өтетін “Нұр Отан” партиясының съезінде айтылады.
Дереккөз: sputniknews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған