ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕП…

«Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қорының төрағасы   Жеңіс Ароновтың ұйымдастыруымен өткен «Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері» тақырыбындағы пікірталас осы жолы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтті.

Бұл шараға қатысып, өз ойларын ортаға салған тарих-филология факультеті студенттерінің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шахман Нағимовтың басшылығымен тыңғылықты дайындалғандары көрініп-ақ  тұрды. Бұған, осы кездесуге арнайы шақырылған басқа бөлімдердің студенттері де тәнті болды.

 Ат қою, бесікке салу, тұсаукесер сынды салт-жоралғыларымыздан басталатын дәстүрлер туралы кең мағлұмат ала отырып, «жер бетінде дәстүрге ең бай халық өзіміз бе?» деген ойға қаласың. «Дөңгелек үстелге» қатысқан жастардың осы үрдістерді кітаптан оқып, ғаламтордан қарап, жаттап алмай, шын көңілдерімен жеткізгендері көңілге жылы сезім ұялатпай қоймады. «Өткенін білмейтін адамның болашағы – бұлыңғыр» деген сөз бар. Өз халқының тарихын білетін, салт-дәстүрін ұлығылайтын жастарымыз көп болса, еліміздің жарқын болашағына күмән болмасы хақ.

Амангелді Мутигуллин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз