БЮДЖЕТ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Мемлекет басшысы 2015 жылы 6 мамырдағы Үкіметтің кеңей­тілген отырысында бес институ­ционалдық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадамды» белгіледі. Ондағы негізгі мәселелер мем­ле­кеттік қызметшінің ынтасы мен кәсіби деңгейін арттыра отырып, оған жүктелген кез-келген міндеттемелерді жүзеге асыруда оңтайлы шешім қабылдауға жол ашады.

 

Атырау облысы қаржы басқармасы қызметінің басты мақсаты – бюджетті сапалы орындау, бюджеттік заңнама аясында оның кірістері мен шығыстарының есептілігін қалыптастыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын жүргізу, бөлінген қаражаттың уақытында игерілуіне мониторинг жасау. Қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелер бөлінісінде «Парус бюджеттік қаржыландыру» бағдарламалық өнімі арқылы жүргізіліп, қазынашылыққа электронды түрде ұсынылады. Мемлекеттік мекемелер кассалық-есеп айырысу қызметін қазынашылық жүйесіне электронды түрде жүзеге асыруда, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесін енгізу нәтижесінде қаржылық құжаттарды өңдеуді қысқарту мемлекеттік мекемелерге жұмыстар мен қызметтер көрсететін іс жүзіндегі секторға қысқа мерзімде қаржы операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазынашылық қаржы органдарын бюджеттік сыныптаманың шығыс кодтары ерекшеліктер құрылымы және облыс бойынша бюджет қаражатының қалдықтары туралы күнделікті мәліметтермен қамтамасыз етіп отыр. 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз