«ЖЕМ АРУЫНЫҢ» ЖҮЛДЕСІ

«Жем аруының» жүлдесі
Италияның Римини қаласында «Бегущая по волнам – 2013» өнер байқауына жылыойлық «Жем аруы» мен «Би-би» халықтық би ансамбльдері қатысып, жүлделі І орынмен оралды.
Аты әлемге танылған конкурс жыл сайын әртүрлі бағытта өтіп тұрады. Мұнда әр елдің өнерпаздары хореография, вокал жанры, түрлі аспапта ойналатын әндер, цирк өнері, декоративтік қолданбалы өнер т.б. аталым бойынша бақ сынады. Ең мықтылар бақ сынайтын байқауда атыраулық өнерпаздардың мерейі үстем болды. Құрылғанына 28 жыл болған «Жем аруы» ансамблі мен 12 жылдан бері өнер көрсетіп келетін «Би-би» ансамблінің жетекшісі - Мағрипа Шегенбаева. «Жем аруы» халықтық би ансамблі мен «Би-би» бишілер тобы Италияда қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін, қазақ халқының ұлттық фольклорлық билерін шет мемлекеттерге кеңінен таныстыру мақсатында алты би түрін орындап шықты.

Сондай-ақ, осы байқауда «Жем аруы» ансамблінің құрамындағы биші Бану Тілеужанова өзінің жеке орындауында ұйғыр, хорезм және қазақ билерін шебер орындағаны үшін лауреат атанды.
Біз де қазақ өнерін түрлі елдің сахнасында насихаттап келетін би ұжымдарына шығармашылық табыстар мен биік белестерден көрінуіне сәттілік тіледік.

Назира ӘШІМ,
облыстық ғылыми-
әдістемелік халық
шығармашылығы мен мәдени демалыс
қызметтерін ұйымдастыру
орталығының маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз