Толғандырар тақырып

Жастар – елдігіміздің негізгі тірегі. Олардың мәселесі бәрімізді де толғандырмай қоймайды. Нарықтық қатынасқа көшкен кезеңде білім алуға мүмкіндігі болмаған жастардың бірі базарда, бірі ағайынының атына несиеге көлік алып, «таксист» болумен күн көріп жүр.

Уақыт тілі сырғыған сайын жауап қана емес, қойылатын сұрақтар да ескіріп, қажетсізге айналды. «Бүгін осылай болып еді, кейін неге басқаша болды?» деп килігуге болмайды. Сондықтан да, үнемі жаңаруды талап ететін мәселе, әрине, жастар.

Жастар – бүгінгі өмірді келешекпен жалғаушылар. Бірақ, оларға қандай жағдай жасалуда? Бәрімізді де толғандыратын өзекті мәселе осы. Әлі күнге дейін олардың мәселесінің нақты бір жүйеге қойылмауына не себеп? Содан соң, әрине, ауыл мен қала байланысының нашарлығы, кей жағдайда санаға соққы болып тиеді.

Жастардың әлеуметтік проблемалары әлі де тереңде жатыр. Демек, әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі де керек. Шын мәнінде, бүгінгі жастар қандай талап қоюда? Олармен  жұмысты қалай жолға қою керек? Соның ішінде азаматтарды еңбекке бейімдеу мәселесі тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Біріншіден, білім беру мен тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы, өзара диалогтың тиісті деңгейде құрылмауы – психологиялық тұрақсыздыққа, жастардың түрлі ағымдардың соңында кетуіне басты себепкер болып отыр.

Екіншіден, еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілетінің еленбеуі және шеттетілуі, жұмыссыздықтың белең алуы, мәдени орындар мен спорт кешендерінің қолжетімді болмауы да ойландырмай қоймайды.

P.S.

Алаш аманатын арқалап,  мәртебемізді асыратын жастар қандай болмақ, осы тұрғыда ойланайық ағайын!

Нұрислам  МӘУЛЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз