«Басқалардың қуанышымаған бақыт сыйлайды»

Әйгерім Жәрдемова,

«Жүректен – жүрекке!» қоғамдық қорының жетекшісі:

«Басқалардың қуанышымаған бақыт сыйлайды»

Шынашақтай бола тұра еңбек жолын қайырымдылықтан бастаған қазақ қызы Әйгерім Жәрдемованы біреу білсе, біреу біле бермес. Осыдан үш жыл бұрын төрт ерікті жастың бастамасымен құрылған «Жүректен – жүрекке!» қоғамдық қорын басқаратын Әйгерімнің ісі бүгінде бүкіл Қазақстанға үлгі болып, қордың 14 облыстан, тіпті Қытай елінен де бөлімшелері ашылды. Қазіргі таңда Әйгерімнің артынан ерген екі мың ерікті жас ел ішінде ізгілікті іспен айналысып жүр.

Атыраудан Қытайға жеткен «жол»

Кейбіреулер жеке басының күйін-күйттеп, қайырымдылық туралы ойланғысы да келмейтін уақытта Әйгерімнің мұндай іспен айналысуын нағыз батырлық дерсің. Жиырмадан жаңа асқан жасында көптеген мұқтаж жандарға қол ұшын соза білген оның әр уақыты алтынмен тең. Әркез адамдарға көмектесудің жолын іздеп жүреді. Әсіресе, сал ауруына шалдыққан балалардың шет елдерге шығып емделуіне мүмкіндік жасау, аз қамтылған отбасыларды киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық өмірге араластыру – басты мақсаттары.

Қоғамдық қор бұл істері үшін мемлекеттен бір тиын көмек алған емес, керісінше кең жүректі, мейірімді, жомарт адамдардың қолдауымен елдің әлеуметтік жағдайын түзеуге атсалысады. Нәтижесінде, қор демеушілігімен елімізде 70-ке жуық бала Қытай, Оңтүстік Корея, Үнді, Германия, Ресей мемлекеттерінде емделіп қайтты.

 

(Толығырақ газетімізден оқи аласыздар).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз