«АЛТЫН ДАУЫС» — ӨНЕРЛІЛЕР БАЙҚАУЫ

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жанындағы «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығы қала мектептерінің арасында «Алтын дауыс-2013» караоке байқауын өткізді.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті, қалалық білім бөлімі, мәдениет бөлімі, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мамандарынан құрылған қазылар алқасы дарынды балалардың өнерлерін сарапқа салды. Облыс орталығындағы он мектептің талантты деп танылған өрендері караокеге қосылып, жанды дауыста ән айтып, бақтарын сынады.

Байқау қорытындысында жүлделі бірінші орын №4 орта мектептің оқушысы Айнұр Мұратоваға берілді. Нұрсәт Алмас (№2 мектеп) екінші жүлдені иемденсе, Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің оқушысы Нұрсәт Тұрғали мен №4 орта мектептің намысын қорғаған Дамир Айтқалиев үшінші тұғырдан көрінді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз